Өмірбаян: Айнұр Тұрсынбаева (1977 жылы)

Айнұр Тұрсынбаеваның балалық шағы
Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады.
"Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша жауап бересің. Мысалы, менің қыстық пальтом немесе қысқа киетін етігім жоқ деген сияқты. Кейін оны алып келеді де, бүкіл кластың көзінше беретін. Үстелдің үстіне әкеліп қояды. Сол кезде жағдайы жоқ отбасыларға мемлекет көрсететін жақсылығы ғой. Мемлекет жыл сайын киім беріп тұратын. Сондай киіммен өстік. Бұл менде "түк жоқ болды" деген сөз ғой", - дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқбатында.
Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева сұқбаттарының бірінде студент жылдары біраз қиындықпен бетпе-келгенін де атап өтті.
"Студент болдық, жатақханада тұрдық. Қарнымыз ашқан көздер өте көп болды. Троллейбусқа ақша таппаған кездер болды. Енді бұл барлық студенттің басында болған жағдай ғой. Ақшадан қатты қысылып жүресің. Бірақ ертеңінде "Айнұр осындай жерге барып, арнау айтып кет. Осындай жерде айтысасың" деп адамдар телефон соғады. Сосын баратынмын. Қант та, нан да жоқ, "ертең не жеймін" деген уайыммен ұйықтаған кездер болды", - дейді Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі қиын жағдайларды есіне алып.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының Жолдауы – бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы. Жолдаудың бірінші бөлімі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің тізіміне ену мәселесіне бағытталды. Мұндағы басты күш экономикаға тиесілі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жыл сайын 4 пайызға арттыру қажет. Инвестиция көзін екі есеге көбейтіп, ғылыми жобаларды қаржыландыруды 3 пайызға арттыруымыз тиіс. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің басым бөлігін......
Жаңалықтар
Толық
70,5 -39,5

Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Айқын Төлепберген "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады. Бұл туралы nur.kz порталы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924)

Дүниеге келгені: 1924 қазан
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Мансабы: жазушы

Әбдіжәміл КәрімҰлы Нүрпейісов (22.10.1924 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қүланды ауыл кеңесі, «Аван» балык заводы) — қазак жазушысы. 1942–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1956 жылы А. М. Горький атындағы әдебиет институтын (Мәскеу) бітірді. 1962–64 жылдары «Жүлдыз» журналының бас редакторы болды. 1964 жылдан бері творчестволық қызметте. Әбдіжәміл Нүрпейісов әдебиетке 40-жылдардың........
Рефераттар
Толық
0 0

Алғаш рет шаш үлгісін өзгерткен Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (фото)

Танымал әнші Қайрат Нұртас шаш үлгісін өзгертіп, желі қолданушыларын таң қалдырды. Ол өзінің жылдар бойы хитке айналған шаш үлгісін алғаш рет өзгертті деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша - орысша - ағылшынша өмірбаян: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының.....

Өмірбаян / Биография
Толық
0 0