Курстық жұмыс: Экономика | Меншік капиталының есебі мен аудиті

Кіріспе
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:
Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.
Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады.
1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
Экономикалық көзқарас бойынша бухгалтерлік есеп, кәсіпорын ақпарат беру процесі ретінде қарастырылады. Ол кәсіпорындарда бар ресурстарды тиімді пайдалануды, басқару шешімдерін дұрыс қабылдауға ықпалды әсерін тигізеді. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар өздерінде бар ресурстарды қаржылық есеп беруіне қарап, белгілі бір бизнес саласына сала алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы

Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімнің нағыз патриотымын

Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
Н.Назарбаев
«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің
санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты.
Менің ойымша, әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек деп есептеймін. Сонда әлгі адамның да, елдің де мерейі тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен Қазақстанның патриотымын

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді.
Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІ

КІРІСПЕ
Жанұя баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Жанұя психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Эмоциялар мен сезімдер

Кіріспе
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Азоттық негіздердің ыдырау жолдары

Күйіс қайыратьн малдағы зат алмасуда нуклейн қышқылдарының қорытылуы ерекше маңызды орын алады. Қарынға баратын микроорганизмдер озтының жалпы мөлшерінің 20% нуклеин қышқылының үлесіне тиеді.
Жемшөптік және бактериялық ДНК. мен РНҚ-ныц ыдырап айырылуы ұйқы безінің ферменттері нуклеазалардың әсерімен он екі елі ішекте өтеді. Ұйқы безінің ребонуклеазя ферметгі РНҚ-ны ғана гидроліздеп, ыдыратады да, мопонуклеотидтерге және олигонуклеотидтерге айналдырады.. Дезоксирибонуклсаза ферменті қатысқан кезде ДНҚ-ға шабуыл жасап олигонуклеотидтерге айналдырады. Ішектің жалқаяқ қабатында диэстераза ферменті бар, сол фермент олигоуклсотидтсрді ыдыратып, мононуклеотидтерге айналдырады деген болжам бар. РНҚ ыдырауы нәтижесінде негізінен бес мононуклеотид (нуклеотіп) түзіледі. Олардың екеуі пурин қатарына жатады. Олар аденозин монофосфат (АМФ) пен гуанозинмонофоефат (ГМФ). Үшеуі пиримидин қатарына жатады, олар — уридинмонофосфат (УМФ), цитидинмонофосфат (ЦМФ) және тимидппмонофосфат (ГМФ). ДНҚ гидролизі кезінде де сол негізгі бес моноиуклеотид түзіледі. Бірақ құрамында рибоза орнына дезоксирибаза болады. Мұнда нуклсотидтерді белгілеу үшін алдына өрбіп кояды (дезоксирибаза). Мысалы дАМФ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ

КІРІСПЕ
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0