КІРІСПЕ Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру.....
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен түрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. ....
КIРIСПЕ Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi. Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.....
Ом заңдары тек қарапайым электр тізбегін есептеу үшін ғана жарамды.Ал күрделі тізбектегі токты аныктау керек болса ,онда жалпыланған заңдылықтар болуы қажет.Сондықтан осындай заңдылықтың түріне заряд пен энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгов 1824-1887 ашкан заңдар немесе ережелер жатады. Кирхговтың бірінші ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шығатын ток арасындағы байланысты қарастырады.Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндер үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтамыз Біз тұрақты токты қарастырғандықтан,түйінге қанша заряд ағып келсе ,сонша ағып кетуі керек.Егер түйінге кіретін токтарды оң,ал шығатын токтардытеріс деп есептесек,онда мынадай ережені айтуға болады,түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.I+I-I=0 Мұны былайша түсінуге болады.Егер түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлден өзгеше болса,түйінде зарядтар көбейіп не азайып кетер еді де,бұл өз кезегінде түйіндегі потенциалдың және тізбектен ағатын токтың өзгеруіне әкеп соғар еді.Кирхговтың екінші ережесін жалпы түрде энергияның сақталу заңына сүйеніп,тармақталған тізбек үшін Ом заңын қорытындылау арқылы түсіндіруге болады.Тұйықталған жүйені құрайтын әрбір қосылғыштар энергияларының өзгерістерінің қосындысы нолге тең.Сондықтан тұйық тізбек үшін қатысы орындалады.Бұдан кернеудің түсуі екенін ескерсек ,Сонымен Кирхговтың бірінші және екінші ережелеріне сәйкес құрылған тәуелсіз теңдеулердің саны тармақталған тізбектерден өтетін әр түрлі токтардың санына тең болады.Сондықтан электр қозғаушы күші және барлық токты есептеуге болады. КЕЗ-КЕЛГЕН ТАРМАҚТАЛҒАН ТІЗБЕК ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛІК ДИАГРАММАЛАР • Егер тармақталған тізбектің бір тармағындағы кедергі,мысалы,екінші тармақтағы кедергі өзгеретін болса,ал басқа тармақтардағы кедергі және қоректендіргіштердің Э.Қ.К-і өзгермесе,онда кез-келген тармақтардағы токтар мен кернеулер бір-бірімен түзу сызықты тәуелділікте болады.Бұл тәуелділік тұрақты токқа да және амплитудасы өзгермейтін Э.Қ.К бар синусоидалы токқа да әділетті болады.....
Особенности перевода текстов военной тематики в настоящее время все чаще привлекают внимание исследователей. Сегодняшняя особенная актуальность вопросов сравнительного анализа языков в военной сфере, а также методологии и техники перевода текстов военной тематики обусловлена значительными изменениями, произошедшими в сфере политических и экономических международных отношений в последние десятилетия. Военный язык подразумевает специализированность лексики, которая охватывает широкий спектр военных отраслей и институтов. Практическая деятельность военного переводчика-референта, требующая специальной подготовки, навыков и умений, исключительно разнообразна. Она охватывает все виды и способы перевода: от письменного перевода уставов и документов до устного перевода при радиообмене, не исключая и двусторонний перевод при беседе на военные темы, и синхронный перевод, и работу с военной корреспонденцией, и аннотирование и реферирование военных, военно-технических и военно-политических текстов. Поэтому требования, предъявляемые к военному переводчику-референту и обусловленные спецификой работы, исключительно высоки. Они включают: 1. Высокую профессиональную подготовку в самом широком смысле этого слова, включая глубокие оперативно-тактические и военно-технические знания, для непосредственного участия переводчика-референта в обеспечении практически всех сторон боевой деятельности и жизни войск, достаточную психологическую подготовку для успешной работы в условиях огневого воздействия, хорошую физическую подготовку, а также наличие практических навыков работы на технических средствах связи, особенно в условиях помех и в сложной обстановке. 2. Глубокое знание родного и иностранного языков и умение правильно, грамотно и быстро передавать на этих языках необходимую информацию. 3. Свободное владение военным уставным языком, предусматривающее прочное знание и четкое понимание смысла и содержания русской и иностранной военной (оперативно-тактической, командно-штабной и военно-технической) терминологии, военного дела и особенностей организации армий соответствующих иностранных государств, их стратегии, оперативного искусства и тактики, вооружения и боевой техники. 4. Безукоризненное владение в полном объеме навыками всех видов письменного и устного перевода, которое должно обеспечивать свободное переключение с одного языка на другой на основе умелого использования знаний, полученных в области лексики, фразеологии, грамматики и стилистики обоих языков. Как следствие, возникает необходимость в переводческих трансформациях (преобразованиях), в частности, лексических, поскольку военный язык обладает особой лексикой и имеет определенное терминологическое наполнение. Проблеме лексических трансформаций (преобразований) при переводе текстов военной тематики и посвящена настоящая работа. ....
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. ....
Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан. Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.), шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 мың км. Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут – Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шетінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс, және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер. Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай – ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды. Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік – батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі – ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды ....
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел. Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.....