Өмірбаян: Рамазан Стамғазиев Өмірәліұлы (1967 жылы 3 мамыр)

Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев (1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында туған) — қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). "Құрмет" орденінің иегері.

Рамазан Өмірәліұлы 1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Көкпияз ауылында дүниеге келген.
1987 - 1989 жылдары Алматы эстрада-цирк училищесін (Қайрат Байбосыновтың класы бойынша) бітірген.
1991 - 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіның музыка бөлімінің "домбыра" мамандығы бойынша бітірген.
2012 - 2014 жылдары Өнер магистрі ғылым атағы берілген....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Жарамазан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пайғамбар айтып өткен жарамазан,
Оразаң қабыл болсын, байекежан!
Мінгені Пайғамбардың есек деген,
Қолында жұдырықтай кесек екен.
Осы үйде бір көкем бар Құдай сүйген,
Қайыры ол көкемнің жұртқа тиген.
Меккеде бір ағаш бар басы қара,
Құдайым ұғыл берсін қасы қара,
Жатасың бауырыңа басып қана.
Өтіпті бай Қарынбай малға тоймай,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Ертекші қыз

«Ерте, ерте, ертеде...»

«Бағзы бір заманда...»

Оның әр айтқан әңгімесі осылай басталатын. Өзі де бір қызық жан, өн бойынан адамдарға тән қандайда бір іс-қимылды, мінез— құлықты байқаған емеспін. Ешқашан күлмейтін, адамдарға тән болмыспен қайғырмайтын, жүріс-тұрысы да мүлде бөлек. Үстіндегі аппақ көйлегінің кең етегі желмен баяу тербеліп, бір қарағанда аяқсыз қозғалып келе жатқандай немесе ұшып жүргендей әсер қалдыратын.

Оның айтқан әрбір әңгімесі жер бетінде орын алып жатқан оқиғалармен қабыса бермейтін. Бірақ оның айтары таусылмайтын. Таңнан таңға жалғасатын. Құлақ түрсең «мың бір түннің» елесіне шырмалатынсың. «Ерте, ерте, ертеде...» немесе «Бағзы бір заманда...» деп баяу үнмен басталатын әңгіме, келе-келе небір шытырман оқиғалардан құралатын қиял-ғажайып дүниелерге ұласатын. Маған Ертекші қыздың әңгімесін тыңдаған қатты ұнайтын. Бірте-бірте оның сиқырлы әлеміне бойлап, Ертекші қыздың жанына тым жақындай түскенімді аңғарғандаймын. Себебі, мұны оның бар айтқандарын ұйып тыңдап келген адамдар уақыт өте келе Ертекші қыздан қашықтай түскені көрсетіп берді. Оның қайдан келгенін, әке-шешесі кім екендігін, мекені қай жер екендігін білмейтін көпшілік кейін Ертекші қызға күдікпен қарап, тіптен «перінің қызына» балап, оның жанына жоламайтын болды. Маған бұл онша әсер ете қоймады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Із


Ілкі сәтте санасы іске қосылған ол, айналасына көз сүзді. Айдалада тұр екен, көз жетер жерде ешкім көрінбейді. Өз денесіне қарады, үстінде лыпа жоқ. Тыр-жалаңаш. Базбір бұзақылар шешіндіріп, тонап кеткендей. Бірақ еш қысылмады, себебі мұны көріп тұрған ешкім жоқ болатын. Бәрінен бұрын алаңдатқаны жалғыздық еді. Қабырғасы қайыса қайғырды, өзінің жалғыздығына. Бір нәрселерді есіне түсіргісі келген, ештеңе өнбеді. Санасы ақ парақ секілді, тап-таза. Ми қуыстарында тек табиғат құбылыстарының елесі тұр, сондай ақ қоршаған ортаны білетін сияқты. «Анау тұрған ағаш» деді, анадайда қуарып тұрған жалғыз теректі өзіне көрсетіп. «Мынау Жер» деді, табанының астын оң аяғымен тебіп. Ауық-ауық әлденелерді айтты өз-өзіне. Бірақ адамдарға қатысты еш нәрсе оралмады есіне. «Сірә, мен жер бетіндегі ең соңғы адам шығармын. Бір алапат дүлейде барлығы қырылып, қатты соққыдан құлағандықтан есімнен ауысып, осы сәтте ғана өз-өзіме келіп тұрған шығармын» деп ойлады. «Бірақ, жер бетіндегі ең алғашқы адам болуым да мүмкін ғой, еш нәрсе есіме түсер емес» деген екінші бір ой қылаң берді санасында. Шегі жоқ екі ойдың ортасында ақыл-есі біраз сарсаңға түсті. Қайсысы ақиқат, қайсысы өтірік, шетіне жете алмады екі ойдың. Есеңгіреген қалыпта біршама уақыт орнында тұрды да, жүріп кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мақсат Рамазанұлы | Жердің жаназасы

Жер о дүниелік болыпты деген қаралы хабар бір сәтте он сегіз мың ғаламға тарап үлгерді. Маған да жетті. Қаралы хабарға күллі әлем күңіреніп, ащы өксікке толы өкінішпен тіл қатқанымен, бірқалыпты өмірім өзгерген емес. Жерді ойлап жанарымнан жас та шығармадым. Алып Күнді өз өсінен тоқтамастан үш жүз алпыс бес күн айналатын Жердің, әйтеуір бір тоқтайтыны мен үшін ақиқат еді. Сол сәт бүгін орындалып отыр. Негізгі қисын осы. Біз соның куәсіміз, бірақ кінәлі емес едік. Кінәлі да шығармыз, бірақ менің қатысым шамалы. Әлем болса қылмыскерді іздестіріп жатты. Ұзақ іздеу салатын шығар деп ойлағанмын, қателесіппін, олардың топшылауындағы қылмыскер сол күні кешке қарай қамауға алынды.

Бір Көріпкел ұсталыпты. Ол жайында сырттай талай сырға қанық болғаныммен, түр-түсін көрмеппін. Ал оның бар жазығын естігенімде, шыдай алмай күліп жібердім. Сонда барлығы маған жек көре қараған. Көңіліме алмадым. Дегенмен Көріпкелге тағылған айып, ойландырмай қоймады. Егер бар әңгімені бүкпей баяндасам, Көріпкел Жер қаза табатын түні аспандағы жұлдыздармен ұзақ сырласыпты-мыс. Біреулер тыңдап қалса керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0