Қазақтар грузиндерді қапыда қалдырды

Кеше елордадағы "Астана арена" стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия елінің теңбілдопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Мачтың беташары қос елдің мемлекеттік гимндерін орындаумен ашылды. Алаңға бет алған екі команда да арқаланып шыққанымен, қонақтардың бәсі басымдау болып көрінді.

Алайда, Қазақстан құрамасы бірден шапшаңдық таныта білді. Кездесудің орта шегіне келгенде Сергей Хижниченко грузиндердің қақпасына гол соқты. Ал, екінші таймда қонақтар шабуылды өз қолдарына алды.

Тіпті, грузиндер Қазақстан қақпасына гол соғуға мықтап әрекет жасап көрді. Бірақ, ойға алған тәсілдерін іс-жүзіне асыра алмады.

Кездесудің екінші кезеңінде ешбір команда гол соғу мүмкіндігіне ие бола алмады. Сонымен, есеп: 1:0 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
Толық
5 -3

«Реал» «Барселонаны» он ойыншымен жеңіп кетті (видео)

Бүгін Испания чемпионатының 31 туры аясында «Барселона» және «Реал» командалары кездесті. Тартысты өткен ойынның соңғы он минутында он ойыншымен қалған «Реал» шешуші голды салып, жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақпарат football.ua сайтына сілтеме жасап жазады.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.
Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. [1] ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0