Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Күресшіл ұрпаққа)

Жаз күні жайнаған гүл жан-жақ кілең,
Жердің беті масаты жайған кілем.
Көкте көлбей қалқыған сирек бұлт
Бір түстес жерде, көкте шаттық рең.
Күн шырқап шыққан биік түстің кезі,
Өң беріп жер жүзіне нұрлы көзі,
Самалдың жұмсақ қана есіп өткен
Мұрныңды қытықтайды бал лебізі.
Бәрі де адамзаттың.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып)

Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып,
Көктің мөлдір сәулесін судай ішіп,
Қарадым бір заманда жер жүзіне
Ойыма туысқаным - адам түсіп.
Байқасам, әлі де көп жылағандар,
Жәрдемді еркіндерден сұрағандар.
Өзі қожа, басқаны......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)

Жанымды жалын сезім жандырғасын,
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.

Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Мазмұны
1 Ғалымдар зерттеуі
2 Өмір сүрген кезеңі
3 Толғаулары
4 Философия дүниетанымы
5 Дереккөздер
Ғалымдар зерттеуі

Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
Өмір сүрген кезеңі

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Рефераттар
Толық
0 0