Курстық жұмыс: Этнография | Торғай өңірі

Кіріспе.
Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық. Сондықтанда Арқалық тарих деп халықтардың қалай тіршілік еткенін, олардың өмірінде қандай өзгеріс болғандығын адамзаттық өмір сүруі қалай өзгеріп, бүгінгі күнге қалай жеткенін зерттейтін ғылым. Қаланың өмірі, тағдыры, ол туралы өңір қандай да болмасын өлкемен тығыз байланысты, сабақтас. Сондықтан да Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ, Торғай өңірінің төкіне таққан шаржандай болып аз ғана жыл көлемінде дүр ете қалғанын кейін талай жыл тақырауда басынан өткізген Арқалық қаласының тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі – Торғай өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Арқалықтың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Торғай құйыны)

Шарықтап құм жосалы жалаң белді,
Шаңдатып келе жатыр Аманкелді.
Аңқытып ақ тұйғындай астындағы
Алды — жел, арты — құйын жарау керді.
Артында Аяп бала шаң бүркенген,
Келеді көк бестімен қалқып ерден.
Шоқытып құм төбеге шықты өзі,
Аңшыдай адырдан бір түлкі көрген.
Жоқ, аңшы емес қазір жөні бөлек,
Жарысып жүрген де жоқ жел жебелеп.
Дүз барлап келген де жоқ жауды бағып,
Жорыққа шыққан да жоқ елден ерек.
Селебе соғар шақта төгіп қаһар,
Сұңқар да алдын ала қанат қағар. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қараторғай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.

Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0