Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында Ақ Орданың орны қандай? (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында Ақ Орданың орны қандай?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бата-тілек: Қайда жүрсең қанатты бол!

Тұнып жатсын төңірегің,
Төрт түлікпен дүбірлі боп,
Думандасын аспан - көгің
Үбірлі боп, шүбірлі боп,
Лебіздерің қабыл болып,
Қайда жүрсең қанатты бол.
Бар айналаң жанға толып,
Қағылезді қарақты бол.
Қонақтарың арылмасын,
Ақ ниеттер жаңылмасын.
Қара ниет қағынбасын,
Ғайбат сөздер таңылмасын.
Көкірегің күрмелмесін,
Жан жолдасың түрленбесін.
Сөзің қисық үрленбесін,
Сезім отың сүрленбесін.....
Баталар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Объектілердің үшөлшемді үлгілері (Информатика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Объектілерді және оқиғаларды модельдеу
Сабақ тақырыбы: Объектілердің үшөлшемді үлгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Объектілер мен оқиғалардың модельдерін 3D редакторда құру
Сабақ мақсаты: • SketchUp редакторында примитивті 3D объектілерді құру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Тілеуберді Қуандықов

Тілеуберді Қуандықов – Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі, «ҚР анестезиологтарының федерация» АҚҰ басқармасының мүшесі.

Медицинаның трансплантология сияқты аса маңызды саласы елімізде осы уақытқа дейін өте баяу дамыды. Мыңдаған науқас жөнді хирургиялық ем ала алмады, ота жасау кезегін күте-күте көбі қайтыс болды. Ауыл халдегі науқастарды Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары бойынша квотамен шетелде емдеу үлкен материалдық шығынды қажет етті. Ал орган алмастыру оталарын жасайтын мамандар елімізде жеткіліксіз болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электртерістілік. Коваленттік байланыс. Иондық байланыс. Металдық байланыс. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Электртерістілік. Коваленттік байланыс. Иондық байланыс. Металдық байланыс.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - атомның сыртқы аяқталған қабаты қандай жолмен түзілетінін анықтау;
- атомдар немесе иондардың электронды қосып алу немесе беріп жіберу салдарын түсіну;
- электртерістілік ұғымын білу;
- ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
-иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
- «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын сала білу
- коваленттік байланысты түсіну
- иондық тордың, молекулалық макромолекулалық және металл құрылысының қасиетін түсіну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды жетілдіру

Кіріспе
Ақша мен биржаның пайда болуы
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сұйене отырып, ақшаның шарты – белгілі март, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы

Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың
Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін,
Алдыңнан інжу - маржан өзен ақсын.
Жамбыл - ау, Екей елі - өлең деген,
Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген.
Көзінде - от, көкірегіңде жырың тұнық
Түбінде ақын шығад сенен кенен.
Екейдің аты шыққан өлеңменен,
Ірі ақын мойны озық көрем сенен,
Сүйінбайдың сөзін жалғар - алтын көмбе,
Батамды түбі саған берем деген.....
Баталар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін «автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын
пайдалану;
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының түсүну жане жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінің зардаптарын білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық
0 0