Апелляциядан соң 125 балл алған түлек өз сырымен бөлісті (Видео)

Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының түлегі Марат Әсия Жандосқызы апелляциядан кейін 125 балл нәтижемен шықты. Қазақ тіліне қатысты сұраққа байланысты орын алған түсініспеушілік туралы Массагет тілшісіне Әсияның өзі айтып берді.
KZ
Толық
3 -2

Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім)

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Атамекен- ата-бабаларымыздың қоныс тепкен жері, асыл мекені. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бұл ұғымдарды айтуымның басты себебі - Тәуелсіздік. Атамекен, Туған жер сөздерін «тәуелсіз» деген ұғымсыз айту мүмкін емес. Тәуелсіз болу- егеменді, байтақ ел болу. Мен Тәуелсіздікті қанатын кеңге жайған қыран құсқа, шапса бәйге бермейтін сәйгүлік тұлпарға, түпсіз тұңғиық терең теңізге, тамырын тереңге жайған алып ағашқа теңеймін. Тәуелсіздіктің бізге......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Кітап – білім бұлағы

Кітап - алтын қазына. Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін. Әсіресе өзім сияқты оқушы балалар жайлы жазылған қызықты әңгімелерді сүйсіне оқимын. Менің сыныбымның барлық оқушылары қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқиды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің отбасым

«Отбасы шағын мемлекет» мемлекет демекші, айрандай ұйыған, тату –тәтті қарапайым қазақ отбасының бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Түркі халықтарының мәдениеті және оның өкілдері

Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Туған елімді сүйемін

Туған жер – әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекені. Оның күні де, түні де, тау – тасы да сарқыраған өзені мен жайқалған көлі де ыстық көрінеді. Менің туып өскен жерім – Қызылорда......
Шығармалар
Толық
0 0