Дүниеге келгені: 1914 Сырдария ауданы Қайтыс болғаны: 1955 сәуір Алматы қаласы
Сәбира Майқанова (1.1. 1914, Сырдария ауданы – 14.1. 1995, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр......
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» хикаяты көпке жақсы таныс. Кітаптың бас кейіпкерлері – Ұзақ батыр мен Жәмеңке бастаған патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген 1916 жылғы Қарқара көтерілісі шығарманың негізгі арқауы болғанын оқырман жақсы біледі. Ұлы қаламгер оқиғаның қасиетті ошағы Қабан-Қарағайдан басталғанын, осында Ұзақтың ақ бозы азаттықтың алғашқы құрбаны болып, ант қабылдағанынан.....
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі.Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады.Адамның зиянды істері бірден байқалмайды,тек ұзақ жылдардан соң , бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде,кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді. Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі. Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті. ....
«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.
Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.
Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып-өскен жерім - Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.......
Қарап отырсам, үлкен тұлғалардың бәрі осы ауылдан шыққан. Менің де ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан....
Байжан би Өз қатарынан асып туғанн әкелі-балалы Байжан және Сартай билердің есімдері 300 жылдан бері ұмытылмаған емес. Қандай бір саяси кезеңдерде бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігін сақтауға белсене араласқан игілікті істері халық жадынан шықпаған. Байжан би Қосқұлақұлы мен Байжанұлы Сартайдың есімі XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласына жайылған Ресейдің әскері қызметші-зеттеушілері мен шығыстанушы-ғалымдарының, .....