Ертегі: Жүзім жегісі келген қасқыр

Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:
— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.
— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік пен батырлық

Ерлік... Осы бір сөзді естіген кезде көз алдыма сансыз ғаламат ойлар келіп, сонау заңғар тауға асқақтатады. Ел ішінде «Ер елдің айнасы» деген терең мағыналы мақал бар. Түбіне үңіле қарасаң ұшы-қиыры жоқ кеңістікке енгендей сезімде боласың. Дәл осындай мағыналы ойдың бала қиялымды сансыз көп тараптарға жол сілтері рас. Сонау атам заманнан бері білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап қалған батыр ата-бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс. Елім деп еңіреп өткен саңлақтарымыздың ерлік істерін есіме алсам, бір марқайып қаламын! Сол кездердегі атқарылған талай жорықтар ел басына төнген қара бұлттың кейпінде еді.
Алайда, қазақ халқының арда туған асыл текті, жауырыны тоқпақтай ерлері елім деп, жерім деп жауға қарсы шауып, бостандыққа қол жеткізуді ғана мақсат тұтқан. Дәл осындай елім деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халқымыз мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерліктерін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтауы тиіс. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Бұл айтылған ойдың негізгі мақсаты-ұлыларды зерттеп,олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету. Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Қаһармандар қатарына Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова секілді батыр бабаларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату тәтті өмірімізге, бейбіт заманымызға жетіп отырмыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр

Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басынан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал ......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Сара Назарбаева Алпысқызы (1941 жылы 12 ақпан)

Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.
Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған.
Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты?
"Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Көктем

Шығарманың жоспары:

Көктемнің басталуы
Көктемдегі табиғат
Көктем мезгіліндегі мерекелік күндер
Көктемдегі ауа-райы
Көктемдегі адамның еңбегі
Көктем мезгілінде үш ай бар.......
Шығармалар
Толық
0 0