Шығарма: Адам өмірінде достықтың алатын орны

«Достық дегеніміз не?» - деген сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Достық туралы көптеген мақал, әңгіме, нақыл сөздер, ертегілер бар.

Достық дегеніміз – бұл өте терең, күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі. Балабақшаға барғаннан бері достарымыз да пайда болды. Бір балалар болса мектепке келіп дос тапты. Кішкентай кезімізде досымызбен бірге қуанып, ренжісіп қалған кездерді есімізге түсірейікші. Біз бұл ойларды жылылықпен еске аламыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: География | Ақсу Жабағылы қорығы

Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын және іс - әреет түрлері

1. Адамның қажеттілігімен мұқтаждығын және іс- әрекет түрлері.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігінің бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіні баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек адамның іс - әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өніріудің қайнар көзі. Іс - әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Уәзір мен шал

Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты:

— Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жаңжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? – депті. Сонда хан айтыпты:

— Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, – депті хан уәзірге. Мүбәрак Самыр шалды қонаққа шақырып әкеліпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Жауабы:

Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.

Жауабы:

Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.

Жауабы:
Жұмбақтар жауабымен

Новость отредактировал: ZHARAR - 25.12.2019

Толық
0 0

Әңгіме: Ахмет Байтұрсыновтың | Маса жинағына талдау

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тәуелсіздіктің нұрлы таңы

Тәуелсіздік нұрлы таңы атқанына бүгін міне, Жиырма бес жыл! 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, ашу-ыза мен қайғы араласқан, қазағымның басына үлкен қасірет әкелген қаралы күн еді.

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Бұрын-соңды кездеспеген жағдай елді елең еткізді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!»,- деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға түрлі жалалар жабылып, «Ұлтшыл,маскүнем» деген кінә тағылды.Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке жан-жақтан милиция қызметкерлері шақырылды. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде болған адамдардың көбісі студент жастар. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды қыршын кеткен өрімдей жастырымыз ұлт намысын ту етіп алдыңғы қатарға шықты. «Қазақ» деген қаным бар», - деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар», - деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы бүгінге дейін қазақ жүрегінде сақтаулы.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Ғылыми іс - әрекет

Мақсаты: Ғылыми іс әрекет дегеніміз не, оның таным процесінің ерекше формасы екенін көрсетіп, мақсаттары мен ерекшеліктері, маңызы мен мазмұны жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
2. Ғылыми шығармашылық.
3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
4. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
Ғылым – адамдардың табиғат .....
Рефераттар
Толық
0 0