Реферат: Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ;
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды
Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қорқыт ата нақыл сөздерінің тəрбиелік мəні

Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен....
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Адам болған жылан

Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байдың он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күні қойын бағып жүргенде, төрт-бес шақырым жерден жанған от көреді. От жанған қалпында тұра қоймаған, қойшыға қарай тартады. Құрман қойшы ойлайды, «апырым-ай, мынау от қалай жүреді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тазша бала

Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал:
— Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша:
— Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал:
— Ендеше балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал тазшаға:
— Анау көрінген ағаштың басында ақсары деген құстың ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші, – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақтияр Артаев Ғарифоллаұлы (14 наурыз 1983 жылы)

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
Өмірбаяны
• Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген.
• Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003
Жартылай орташа салмақ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Маркетинг | Логистика мен маркетингтің өзара байланысы

Маркетинг тауарлардың тиімді сатылыуын қамтамасыз ету үшін өндірісті рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін білдіреді.
Маркетинг логистикаға қарағанда тарихи ертерек пайда болды,себебі сол кездегі тауарларды еткізу қиындықтарына байланысты практика жүзінде қажет етілген. ХХ ғасырдың ортасында өндірісті рыноққа қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сүранысты зерттеуге,сұранысқа әсер етуде маркетингтік әдістерді қолдану бәсеке қабілеттілікті жоғарылататын шешуші фактор болды. Материалды ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді қүру мәселесі ол кезде актуалды болмайды, себебі біріншіден экономикада мұндай жүйелерді құрудың техникалық мүмкіндіктерді жоқ еді,екіншіден, сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді.Бүгінгі жағдайларда тек қана маркетингті пайдалану негізінден (алға шығу) мүмкін емес.Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақытылы,тек және дәл жеткізу арқылы қанағаттандырылуы тиіс(тез жауап беру технологиясы).Пайда болған сұранысқа бұл ''тез жауап” тек бір қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады.
Тарихи түрғыдан алғанда, логистика эканомикалық аренаға едәуір кеш шыққан, ол тұтынушыны,көлікті және жабдықтаушыны мобильді,техникалық-технологиялық және экономикалық үйлескен жүйеге байланыстыру арқылы маркетингті толықтырып дамытады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр......
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы жазылым (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы жазылым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтемеу) Ж2.Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады.
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөздерді таңдап жазады, оқиды, талдайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0