Бәкеннің кейде өтірік айта салатын да мінезі бар еді. Бірақ Бәкеннің бұл мінезінен зиян көріп жүрмін деген пенде жоқ. Оның үстіне Бәкеннің бұл сөздерінің өзі де қиюласпайтын, жобасы келмейтін сөздер еді. Онысын іле-шала Бәкеннің өзі де мойындап, "айта саламыз ғой біз деген" деп өзі де күліп отыратыны бар. Бәкен бұл сөздерді біреуге зардап шектірейінші, содан пайда көрейінші деген оймен айтпайды. Өзінің мінезі сол. Дегенмен Бәкеннің осындай аңдаусыз айтып қалған сөзінен бірде Бәкең зардап шегіп қалыпты. Бәкең деген Бәкендерге қарағанда жасы үлкен кісі ғой. Бірде Бәкең аяғына ауланың ішіне іле шыққан сүйретпесін киіп алып, үйінің көше жақ беткейіндегі отырғышта демалып отырады. Дәл осы сәтте көше бойымен таза киімін киіп алған, екі қолын қалтасына салған күйі Бәкен келе жатады. Бәкен жасы үлкен Бәкеңді көріп сәлем беру үшін бұрылады. Бәкеңнің өзі балықты жақсы көретін кісі ме, әлде жұрттың бәрі де балықтан жасалған тағамға кет әрі емес пе, Бәкең дәл осы тұрғанда балық туралы ойлап отырса керек. Бәкенге сұрақты беріп кеп қалады:
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді ” – деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон “Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады ”, - дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки “Есеп – барлық бизнестің тілі, яғни философиясы”, - деп айтса, Л. Фон Мизес “Есеп – бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты”, - деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды”, - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. ....
Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы. Еңбек құқығының негізгі бастауы 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Еңбек құқығы нормалары, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілерде мазмұндалаған: Ұжымның шарттар туралы, Еңбекті қорғау туралы, Кәсіптік одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңдары. Олар «Еңбек туралы» Заңға қайшы келмеуі себепті қолданылады. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, және еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған. Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерді болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен немесе ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар тзаңдылықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындалуы үшін міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт – жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт. ....
Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады. Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды. 10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды. 1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды. Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Біз бетіне тұтас жапырақ пен гүлдің суреті және әр түрлі оюлар салынған, өзі әбден қарайып кеткен баяғының кәдімгі екі кебежесін көріп пе едіңіз? Үлкен әжеден мұраға қалған дәл осындай кебеже бөлменің ішінде тұр. Беті толған өрнек раушан, қызғалдақ гүлдерімен, тағы басқа неше түрлі оюлармен безендірілген. Ара-арасында бұтақ мүйізді еліктің басы көрінеді, ал дәл ортасына тұтас адам бейнесі ойып салынған. Тісі......
"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:
— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».
Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.
Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.
Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Көз алдыңызға мына бейнені елестетіп көріңізші, өзіңізге қажетті кез-келген ақпарат сіз қалаған түрде қол астыңыздан табылады. Үйде, кеңседе, мекемеде және басқа қаладағы қажетті құжатты көргіңіз келсе, міне ол көз алдыңыздан көрінеді. Бірер минут арасында келісім – шарт үлгісін қағазға басып алу, есепшот жайындағы мәліметті тікелей банкіден білу мәселесі шешіледі. Ақпарат жүйесіндегі жеке адам, кітапхана, мекеме, ұйыммен кез – келген жерден қосылуға болады. Олармен хат алмасу, тікелей сөйлесу, бейнесін көру мүмкіндігі туады. «Бұл ғажайып қиял ғой», - дерсіз. Қателесесіз, өйткені бұл бүгінгі күнгі шындық. Қолыңыздағы кішігірім «Офис»- дербес компьютер (Notebook) ұялы телефон арқылы дүние жүзілік компьютерлердің байланысы (Internet) жүйесіне қосылған. Ал, интернет арқылы дүние жүзін қамтыған тор (WWW- Word Wide Wed) қажетті ақпарат, электронды хат алмасу, әлемнің әр нүктесіндегі адамдар бір – бірінің бейнелерін көре отырып сұхбаттасу, электронды сауда – саттық жасау, оқу орындарынан қашық жерде білім мүмкіндігіне ие болады. Қысқасы, көзііңз көптен көруге, құлағыңыз алшақтан естуге, қолыңыз жетпей – ақ алуға, аяғыңыз баспай –ақ баруға жеткізген өркениеттің игілігі КОМПЬЮТЕР мен мәдениеттің ізгілігі АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. Компьютер – бұл өте жылдам есептеуіш машина, аса күшті калькулятор. Бар мүмкіндігі санды қосу, салыстыру және жадыда сақтау деп компьютер маманы айтса. Компьютер бұл керемет ойлана алатын интелектісі өте жоғары машина деп компьютер сүюші айтады. Әрине екеуінің айтып отырғандары орынды. Біздің күнделікті естуімізде компьютер сандаған мәтіндер өңделіп суреттің талай түрі туындап, дыбыс пен музыкалар жазылып, бейне қозғалыстар жасалып жатыр емес пе ?! Дегенмен түбінде компьютердің мазмұны бүкіл ақпаратты тек сан түрінде ғана өңдейді және сақтайды. Компьютер саласын жан-жақты зерттейтін ғылым «Компьютер ғылымы» деп , ал ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жанқты зерттейтін ғылым «информатика» деп аталады. ХХІ ғасырда көптеген ақпарат көздерінде «ақпарат ғасыры», «ақпараттық қоғам» деген тіркестермен айтады, біз басты құралы компьютермен болғандықтан «компьютер ғасыры» деп атаймыз. Жаңа ғасырда зат пен энергия көзі емес ақпарат пен білім көзі қоғамның шешуші күштеріне айналады.Жаңа қоғамда ақпарат жайындағы ғылым пайда болары мүмкін. Сол ғылымның басты өзегі Информатика болуы мүмкін информатика ақпаратты компьютермен түрлендіруді жан-жақты зерттейтін ғылым дәрежесіне көтерері хақ.....