Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді”– деген.......
Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау..
Көрсеткіші: бүйрек аурулары
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:
· 8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.
2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.
3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.
4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.
5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.
Сүт-адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді. Сүт шаруашылығын өркендетуде оны барынша дұрыс ұйымдастыру мен орналастырудың маңызы өте зор. Мұны жүзеге асыру – малды жер-су жағдайларына, табиғи ерекшеліктерге және жем шөптің жеткілікті болуына қарай орналастыру деген сөз.Осылай орналастырғанда еңбекті және басқа ресурстарды аз жұмсап, өнімді көп алуға мүмкіндік туады. Сүт өндірісін ұйымдастыру,орналастыру және пайдаланудың өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Олар- сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және тұтынушылардың алыс-жақындығы, ауа райының ыстық-суықтығы, транспорт пен арнайы ыдыстардың жеткіліктігі, т.б. факторлар. Осыған байланысты мамандандырылған сүт шаруашылықтарының көбісі ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан. Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті. Сүт тамағы азық түлік рыногының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез келген мемлекеттік рыногында тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса бағалы тағамдық өнімді өте көп өндіру, көп тұтынуы мен ерекшеленетін. Сүт – табиғатының ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері- 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белокқа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамнвң май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді. Сүт адамның жүрек қызметіне қолайлы әсер етеді. Ағылшын дәрігерлері 10 жылдан астам уақыт ішінде жүргізілген ғылыми ізденісте 45-59 жастағы 5000 ер адамды бақылыған. Нәтижесінде сүтті жақсы көретін адамдар оны ішпейтін адамдармен салыстырғанда жүрек ауруларымен 10 есе сирек ауыратындығы анықталған. ....
1991 жылы 16 жасында фотоға түскен Голлвиуд жұлдызы Анджелина Джолидің сирек фотолары жария етілді. Бұл туралы nur.kz порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанадан бір мильдей жердегі ескі усадьбаның нақ ортасында шомбал қабырғалы етіп, айшықтандырып салған байдың мұнаралы, сәнді үйі тұрушы еді. Бұл үйде айналаға әйгілі ерлі-зайыпты бай дворян мекен ететін. Расын айтсақ, олар мұнда тек жазда ғана келіп тұратын, бірақ олардың ен бір сүйікті жері болды. Үйдің сыртына іші сай әрі ыңғайлы, әрі жайлы-ақ еді. Оның маңдайшасына үй қожасынын тастан қашап салынған гербі үйдің сәніне сән қоса түскендей. Бұл гербті ғажайып райхан......
Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.
Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....