Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын.
Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті.Арнайы дайындалған бейнероликті көру арқылы Ұлттық арнаның болашағы анық та айқын екенін білесің. .....
Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.......
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты. Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.....
Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан......
Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды. Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді». Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды. Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады. Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамнын мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап)
белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшінш іден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше белгілері баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұнын, өзінде диспозициялардын қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататан соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнін баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.....
Операциялық жүйелердің даму бағыттары. Операциялық жуйенің функциялары және міндеттері. Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өндеу программаларының комплексін операциялық жүйе дейміз. Әрбір программалық жасау құрауыштары операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайды. ЭЕМ аппаратурасына операциялық жүйеден басқа программалық жасау құрауыштарының еш қайсысы қатыспайды. Пайдаланушының өз программаларымен әрекеттестігі операциялық жүйенің интерфейсі арқылы өтеді. Олардың әрбір командалары қолданбалы программаларға өту үшін операциялық жүйеден өтеді. Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары. 1. пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі. 2. басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс; 3. орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу; 4. программаның инициациясы (передача ей упр-я в рез-те пр-р исп-т прогр-му) 5. барлық программалар мен деректердің идентификациясы, 6. деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді; 7. мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы); 8. барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау; 9. жадыны үлестіру; 10. берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі; 11. орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру; 12. деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау; 13. жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет; 14. программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды; Операциялық жүйенің міндеттері:дербес компьютерлердің аппараттық бөлігінің қосымшасы.Ол мәселелік программаларды сыртқы құрылғылармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Ал пайдаланушыға команда арқылы дербес компьютерлердің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді.
Операциялық жүйемен қатынасу қызметін алу үшін программаларға қажет интерфейсті операциялық орта дейміз (енгізу-шығару операциясын орындау, жадының участкесін алу немесе босату). Әр бір программалау жүйесі өзіне сәйкес операциялық жүйеде жұмыс жасайды. Операциялық жүйені қызметтеу үшін арнайы жүйелік программалар утилит дейміз. Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және мультипрограммалы режимдерге бөлінеді. Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымастыру тәсілі деп атаймыз. Операциялық жүйе- дербес компьютерлердің ақпараттық бөлігін және мәселелік программаларды басқаруды қамтамасыз ететін және пайдаланушы мен өзара байланысты қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау» Сабақ тақырыбы: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) О1 Ақпаратты түсіну О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебін түсіндіреді. Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды. .....