Шығарма: Қыс

Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Тұран жазығы

35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді......
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын бесігім - Көкпекті

Иә, әр адам үшін өзінің туған жерінен өткен жер жаннаты жоқ шығар, сірә. Балалық шағымның балғын бейнесі болған ауылым әрқашан мен үшін ыстық әрі ерекше. Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені сөзсіз. Менің алтын......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес.
Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі.
Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген.
Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Құттықтаймыз, Ұлы Жеңіс күнімен!

Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние.
Ұлы Отан соғысы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Мектеп білім мен тәрбиенің ошағы


Бұл мақаланы жазған кезде ішімде түрлі эмоциялардың арпалысы болды десем өтірік айтпағаным болар. Себебі, мектепте өткен уақыттарыңды, түрлі қызықтарға толы сәттерді жазу оңай емес. Алайда, өзімнің мектепке деген сағынышымды тек қағаз бетіне түсіру арқылы ғана баса аламын.

Мектеп... Бір сөздің өзі қаншама қуанышты сәттерге толы десеңізші! Ойын қуып жүріп, 11 жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа көз салсам осы жылдардың бейнесінен балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.

Алғаш қолыма гүл шоқтарын алып, мектеп табалдырығын аттағаным, маған күлімсіреп қараған ұстазымның ақжарқын келбеті әлі де есімде. Басында барлық затқа таңырқаумен басталған мектеп өмірі кейіннен жаныңа жақын дос табумен ұштасты.

Әрине, алғашқы әріп тануың, алғашқы алған бестік бағаларың, мектеп туралы, оның не екенін, мағынасын түсінген уақыттар – мұның бәрі де адамның жадынан өшірілмейтін естеліктер. Маған білім беріп, қанатымның кеңістікте жайылуына мүмкіндік берген алғашқы мектебіме алғысым шексіз!!!

Ұмытылмас есімің,

Армандардың аштың есігін

Мәңгі өшпес із қалдырған лицей........
Әңгімелер
Толық
0 0