Ұлттық ойын: Атқаума

Атқаума. Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан қай тауда?

— деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде:

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса, Көп тау ма?.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Баяндама: Применение таксономии Блума на уроках географии.

В современном мире учитель, не только источник знаний, а мастер, который должен раскрыть способности учащихся, выявить одаренность, найти в каждом ученике индивидуальность, заинтересовать своим предметом и научить использовать полученные навыки в реальной жизни.
Выбор формы изучения нового материала на уроке зависят от многих факторов: особенностей и уровня подготовки детей, особенностей предмета, особенностей темы, возможностей и.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Парламент қазақша

Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Кінәмшіл бойжеткен


Май айының іші. Гүбірнелік қаланың бақшасы мейрам күніне күндізден әзірленген. Күн батуға тақағаннан бері қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденеше көңілді топ болып, күлісіп-әзілдесіп келіп, бақшаға кіріп жатқан. Бүгін күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесінен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, денені тез көтеріп, сергіткендей болушы еді.

Мейрам күннің түс мезгілінен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайраңдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр. Қала халқына көптен белгілі болған бақша оркестрі күндізден құтырып ойнап, дәмелі жастың көңіліне қозғау салып шақырып тұрған.

Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай. Бақшаның сәнді шұбар тобы көрініске шыққан сахна сұлуларындай болып, неше алуан тілімен былдырлап, желікті күлкі, сезімді қалжыңмен оркестр күйінің ішінде толқынып, бұралып өтіп жатты. Күн батып, қас қараюға айналған кезде бақша мезгіл сайын жанданып, ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан. Бақша, тіршілік күнінше, жылытатын ұяша талай меңіреу ойды да оятып сергіткендей.

Кейбір шеткі аллей ұзақ қоңыр, қараңғы болып келіп, қараңғы түн сырымен қосылып, ыстық демалыс, үзілген жүрек күйін ескерткендей болатын. Екі жақтағы қараңғы қалың тоғай ішінде тұңғиық қара көзді түн сыры оркестрдің сезімді күйіне тіл қосқандай. Қалқып тұрып иек қағып, жұмсақ жел сілкінткен жапырақтарын тілші қылып, сол күймен сыбырласып сырласқандай болушы еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Сен құрметте оны!

Отан үшін отқа түс- күймейсің.
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.... - деп, жерлес ақын жазушы Ә. Сәрсенбаев атамыз сонау сұрапыл соғыс жылдарынан аман оралған соғыс ардагерлерін құрметтеуге өз өлең жолдарында жырлаған болатын. Себебі жерлес Әбу атамыздың өзіде сол 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың бірі еді. Әбу атамыздың осы өлең жолдарын оқи отырып, мен де өз атамның әкесі менің атамды көз алдыма елесте аламын......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Иван Алексеевич Щепетков

Иван Алексеевич Щепетков (1910, Алматы қаласы - 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Технология | Айнымалы ток

Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауылшаруашылығында, ұй тұрмысында, тағы басқа халықтың тұрмыс қажеттілігіне кеңінен пайдаланады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салада қолдануын айтамыз. Барық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан, техникалық жоғарғы оқу орындарында «Электр техникасының теориялық негіздері» курын ашуға тура келді. Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізкі базасы болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі бір міндеті, олқұбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағымдары тағы басқа түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті ол құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің идукциясы, қуат ағымдары тағы басқа түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көнекті ғалымдарымен бірлесе отырып електр техникасының маңызды саларыныңбастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.Б.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды.Заттың салмағының сақталу және қозғалыс заңдарын ашты.
А. Вольта (Италия физигі) ойлап тапқан гальваникалық элементтер бағанасынан кейін электр тогын алуға мүмкіншілік туды. 1802 жылы В.В.Петов электр тізбегіндегі процестерді зерттеп электр доғасын ашты және осыларды іс жүзінде жарық шығаруға, металды балқытуға, металдарды пісіріп жалғастыруға пайдалануға болады деген көз қарасын айтты.
Ағылшын ғалымы М. Фарадей 1831 жылы электр магниттік индукция заңын және оның құбылыстарын ашып, дамуына зор үлес қосты.
1883 жылы орыс академигі Э.Х: Ленц индукциялық токтардың бағыттарының араларындағы заңдылықты ашты және олардың электр магниттік, электр динамикалық байланыстарының бар екендігін ашты. Соның ішінде электр магниттік индукциясы негіздерін де ашты. 1844 жылы ол ағылшын зерттеушісі Джоульға тәуелсіз сым темір арқылы ток өткенде шығатын жылу мөлшері сол сымның кедергісіне және сондағы токтың квадратына тура пропорционал екенін анықтады. Әлемде бірінші рет Россияда П. Л. Шилинг1832 жылы электр магниті телеграфын түрғызды.
1845 жылы неміс физигі Г. Кирхгов тармақталған электр тізбектеріне арналған негізгі заңдарды ашты, сонымен ол заңдар Кирхгов атымен аталды.
1976 жылы орыс ғалымы П. Н.Яблочков элетр шамын ойлап тапты, одан бастап электремн жарықтандыру басталды. Бірінші көмір стерженді қыздырғыш шамын орыс инженері А.Н. Лодыгин құрастырғаны баршаға мәлім.....
Рефераттар
Толық
0 0