Бір күні жолбарыс тамақ іздеп шығып, бір торға түсіп қалса керек. Сол тордан шыға алмай жатып, со арада бір жаяу адам өтіп жүрсе керек, жолбарыс оны көріп жалынады. «Әй, сен, адам болсаң, мені осы тордан босатсаң, мен өтеп беремін, көп қайырым саған қыламын». Жамандықты ойламаған адам торға келіп, жолбарысты босатып шығарды. Жолбарыс босанып шыққан соң, адамға айтты: «Мен болсам бірнеше күн тамақ көрмей, әбден қарным ашты. Мен сені жеймін». Сонда адам айтты: «Оу, сенің мені жарылқаймын дегенің кәне? Енді өстіп, мені жеймін деп тұрғаның бола ма? Бұл істі біреуге барып айтып......
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді. Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді. Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады. Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі. Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады. Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр». «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. ....
Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде керісінше сияқты, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді. Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы – жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады. ....
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді. Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. ....
Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын. Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері . Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы оқуын тәмәмдайды. Еңбек жолын 1999-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінде аударма орталығында аудармашы болып бастайды. 2003-2006 жылдары Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығына тағайындалады. 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері болса, 2009-2015 жылдары «Өнер мектебі» МКҚК-ның директоры болып қызмет етті. 2015 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің басшылығында. Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын. Бекарыс Ақсақалұлы 2001 жылы ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «ҚР Тәуелсідігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен, 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Отырар ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.....
1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi.....
БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады. .....
Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.
Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады. .....
Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін, еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты қызыметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан – жақтын келеді: көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм, сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, талшықтанып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланады. Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасуымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезді ғалымдар консомедация (лат. Консомедация - бітелу, бекіту, нығайту, нақтау) кезеңі деп айтады. Онысыз апарат тұрақты ес іздеріне айнымайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлды құрлым мен мидың жүйесі қатысатындығы белгілі болды. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуының нерв клеткаларындағы био-химиялық және биоэлектрлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны – синапстар. Бұған дәлел баланың өсіп дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбейі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген күрделеніп, көбейіп, дами береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқлы нейрон аралық байланыс пен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып оты. Бұған қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК-ның нөмірі көбейетіндегі табылады.....
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру...