Әңгіме: Антон Чехов | Анықтама


Түс кезі. Бойшаң келген, сом денелі, тақыр басты, бадырақ көз Волдырев дейтін алпауыт пальтосын шешіп, маңдайының терін жібек орамалымен сүртті де, мекемеге имене, батылсыздау кірді. Ондағылардың бәрі де сырғытып қағаз жазып жатыр екен.

— Бір жұмыстың жайын кімнен білуіме болар екен? - деді ол подностағы стақандарды көтеріп төр жақтан келе жатқан швейцарға. - Осында бір істің жайын біліп, журналдан қаулының көшірмесін алуым керек еді.

— Былай қарай. Сонау, терезенің алдында отырған адамға барыңыз! - Швейцар қолындағы подносымен терезе жақты нұсқады.

Волдырев тамағын бір кенеп алып, терезеге қарай беттеді. Ол жерде, бояу сүзек ауруының белгісі сияқтанып теңбілденген жасыл үстелдің жанында, басында төрт тұлым шашы бар, солпиған ұзын мұрынын безеу басқан, үстінде көнетоз мундирі бар бір жас жігіт отыр екен. Сорайған тұмсығын қағазға тірей үңіліп жазып отыр. Оң жақ танауын маңайлап бір қара шыбын айналшықтап кетпей жүр, соны қуғысы келіп әлсін-әлі астыңғы ерінін бір жағына қарай қисайта шығарып танауына үріп қояды, мұнысы оған аса бір шұғыл жұмыспен отырған түр береді.

— Осында... сізден бір жұмыстың анығын білуіме болар ма екен? - деді Волдырев қасына барып, - Мен Волдыревпін... Сонымен қатар, журналдан екінші наурыздағы қаулының көшірмесін де алуым керек еді.

Чиновник қаламын сияға батырып алды да, коп малынып кеткен жоқ па дегендей, қаламының ұшына қарады. Сия тамып кетпейтініне көзі жеткен соң қайта сырғытып жаза жөнелді. Ернін тағы да шығара түсіп еді, бірақ енді үрлеудің керегі болмай қалды, өйткені шыбын оның құлағына барып қонған болатын.

— Осында бір істің анығын білуіме болар ма екен? - деді тағы да Волдырев бір минуттан кейін. - Мен Волдырев болам, жер иесі...

— Иван Алексеевич! - деді чиновник бейне алдында Волдырев тұрмағандай, бет алды дауыстай сөйлеп, - Ялыков көпес келсе айта салшы, арызының көшірмесін полицияға куәландырсын! Мың мәртебе айтқанмын өзіне!

— Мен княгиня Гугулинаның мұрагерлерімен дауым туралы келіп едім, - деді Волдырев міңгірлеп. - Өзіңізге белгілі жұмыс қой. Менің сөзіме құлақ салуыңызды қатты өтінер едім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Баянда ойналған әуен


Қожабақы ауылы жайлы ертеректе шыққан "Сағындым сені, Арандым" деп аталатын ән бар. Бұл - ауыл жайлы ән.

Аранды - бұлардың ауылының тұсындағы қырдың аты. Аранды қыры ауылдың төлқұжаты секілді. Ауыл сол қырдың етегінде жатыр.
Өзінің де бір өлеңінде жазғаны бар еді:

Аранды қыр - даланың тауы мұнда-ай,
Дарқан мінез даладай қауымыңда-ай.
Биігіңнен көз салсам атырабыңа,
Қожабақы көлбейді бауырыңда-ай.

Аранды жайлы әннің сазгері Досекең мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болып істеді. Аталмыш әнді шығарған автор. Өлеңін ауылдан шыққан ақын-журналист азамат жазған. Кейіннен аудандық баспасөз саласына ауысып, Қазалы аудандық "Қазалы" газетінде жауапты қызметтер атқарған бұл азамат ол кезде ауылда арнаулы орта білімді дәрігер болып істеген.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Қазақ халқы білектің күшімен, найзаның ұшымен тәуеліздікке қол жеткізген сәттен бері көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Жас мемлекетіміз қысылтаяң кезеңдерден тайсалмай өтіп, саяси, экономикалық тұрғыдан көптеген жетістіктерге жетіп, қазіргі таңда әлемдік сахнадан ойып аларлықтай беделді орынға ие. Бұл, әрине, Президентіміз - Н. Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білемін. Өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасының ғаламдық маңызы зор бастамалары мемлекетіміздің дамуына үлкен ықпалын тигізіп, халықаралық кең жаңғырық тапты әрі мойындалды.

Cолардың бірі де бірегейі, 1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Мысалы, әлемде ядролық қарусызданған тек 5 аймақ бар. Солардың қатарында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» келісімшарты осыдан он жыл бұрын қабылданған еді. Семей полигоны әлем бойынша 4 орын иеленгеніне қарамастан, мұндай шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейтіні сөзсіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мұғалім және өнер


(Мұғалімдердің «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі хақында)

Мұғалімдер білімге асқақ кенелген,
Шәкірт кеуде сол арқылы еленген.
Би билесе, ән салса олар – өнерпаз,
Тұлабойын кенде етпеген өнерден.

(«Мұғалімдер» өлеңінен)

Сыр өңірінде бастау алғанына да 20 жыл толған «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі туралы республикалық «Халық» газетінің осыдан екі жыл бұрынғы 2015 жыл, 19 наурыздағы санында Арал аудандық мәслихатының депутаты Нұрбай Жүсіп облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мансұрқызы Байназарова жөнінде жазған «Киелі салаға үлес қосқан аяулы жан» атты өзінің мақаласында былай дейді:

«...Райкүл Мансұрқызы ел Тәуел­сіздігінің алғашқы қиын кезеңінде де руханият саласын өркендетуді мықтап қолға алды. Ол өзі ұстаз ретінде, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ұлағатты сөзін әсте естен шығармады. 1995 жылдан бастап білім қызметкерлері арасында өнер дарын­дыларын іздеп тауып, оларға өнерлерін шыңдауға барын­ша көмек көрсету мақсатында 2 жылда бір рет «Наурыз шапағаты» фестивалін үзбей ұйымдастырып келеді...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
Жеке адам өзін-өзі анғара алатын, тек өзіне тән биологиялық және әлеуметтік қасиеттері мен сипаттары қалыптасқан нақтылы қоғамның жеке мүшесі болып саналады. Психикалық құрылысы мен физикалық ерекшелігі жағынан бір-біріне ұқсайтын екі адам болмайды. Осыған байланысты дәрігер жалпы ауруды емес, нақтылы сырқатты, жеке адамды емдеуі керек. Жеке адам туралы айтқанда, әрине, оның физикалық және психикалық құрылысы ерекше еске алынады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекет және құқықтың пайда болуы

. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам - һоmо sаріеns жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделетін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Солтүстік Американың географиялық орны

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
• Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең.
• Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді;
• Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км;
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км;
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
• Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген.
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: СҰЛЫ

Халық шаруашылығындағы маңызы. Сұлы - тағамдық және малазықтық мақсатта қолданылады. Оның дәнін жарма, геркулес, талқан, галет (қатырма нан), кофе суррагатын өндіруге пайдаланады. Бұл өнімдер жақсы сіңімділігінің арқасында диеталық және балалар тағамы ретінде маңызы зор. Сұлы жармасы - ақуызында адам ағзасы үшін қажетті амин қыш-қылдары (аргинин, гистадин, лизин және триптофан) көптігімен ерекшеленеді. Сұлы дәні сонымен қатар В, дәруменіне (тиамин) жөне темір, калыдий, фосфор қосылыстарына бай.
Сұлы дәні жылқы мен басқа да жануарлар төлі үшін таптырмайтын концентратты малазық. Ол барлық ққрама жем түрлерінің құрамдас бөлігі. 100 кг сұлы 100 малазықтық бірлікке сәйкес. Сұлының сабаны мен топанының малазықтық құндылығы, басқа дәнді дақылдардікінен әлдеқайда жоғары. Өсірілетін аудандары мен жағдайларға байланысты дақылдың көк балаусасында 22-26 % қүрғақ зат; 2,7-3,8 - протеин; 0,7-0,9 - май; 5,5-7,1 - жасунық; 11,6-11,7 - АЭЗ; 1,4-2,3 % күл, 40-45 мг/кг каротин болса, сүрлемінде олар сәйкес - 26,2; 2; 1,8; 7,1; 13,1; 1,9; 12. Дәнінің 100кг құрғақ затында плазмала азықтық өлшем, 8,9 кг қорытылатын протеин; шөбінде олар сәйкес 73 және 6,9; сүрлемінде - 67 және 3,3-3,7 болады.
Біржылдық бұршақ дақылдаримен (сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық) араластырылып егілген сұлыны пішен, көказық және сүрлем ретінде жиі пайдаланады. Бұршақпен араластырып еккен сұлы егісі екпе сүрі жер орнына пайдаланылады. Бидайдың тамыр шірігі ауруы болатын аудандарда, сұлы сауықтырушы дақыл болып есептелінеді.
Сұлы ескі дақылдар қатарынажатады. Ертеректе ол бидай мен арпаның ластауышы ретінде олардың егісінде кездесетін. Бидай мен арпаның өсірілетін аумақтары солтүстікке жоне тауға қарай жылжыған сайын, сұлы олардан төзімдірек болуынан бидай мен арпаны ығыстырып мәдени дақыл болып енді. Еуропада сұлы б.э.д. 1,5-1,7 мың жыл бүрын белгілі. Ресейдің территориясында 7 ғасырдан өсіріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0