Реферат: Қазақ әдебиеті | Тантай батыр елшілігі

Тантай батыр елшілігі- 1718 жылы желтоқсанда Қайып ханның Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Қазан каласына жіберген елшілігі. Елшіліктің кұрамында Тантай Арыстановпен бірге Тоғынұр батыр Құлтабаев болды. Тантай батыр елшілігі қазақ жеріне келген орыс елшісі Федор Жилинді Қазан қаласына .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАШ КЕЗЕҢІ

Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері» мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жоғары сезімталдық механизмдері

«Жоғары сезімталдық механизмдері»

2. Мақсаты: Студенттерді Кумбс және Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың негізгі механизмдерімен таныстыру, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезін және клиникалық мысалдарын қарастыру.

3. Дәріс тезисі:
1. Жоғары сезімталдықтың Кумбс және Джелл бойынша жіктеуі.
2. Атопиялық аурулардың патогенезіндегі IgЕ рөлі.
3. Анафилактикалық шок патогенезі.
4. Цитотоксикалық серпілістің және иммундық кешен ауруларының патогенезі.
5. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі. Жасушалық фактордың рөлі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қырық өтіріктің мағынасы


Қырық өтірік — қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.

Бұл әңгімелердің өзгешелігі, бағасы неменеде? Өзгешелігі, халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады. Кейде, тіпті, өмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін, ұшқыр, өткір фантазияның тудырған әңгімелері және құр болмасты айтқан шылғи өтірік қана емес. Бұнда адам ақылының ізденгіш, шарлағыш серпіні де білінеді. Сонда жанды-жансыз табиғатты өзіне өзгеше түрде құл еткісі келген адамның әр алуан жорамалы байқалады. Мысалы, "құрықты қайық еттім, пышақты күрек еттім" дегені, "қарға міндім", "инелікке мініп, түлкі қудым" дейтіні, "түлкіге жүгімді арттым" дегені — барлығы да сол, жанды-жансыз табиғатты "дегеніме көндірсем" деген қиялдан туады. "Аспанда құстай ұшсам, суда балықтай жүзсем, алты айлықты алты-ақ аттасам" дегеннің бәрі бұрынғы заманда қиял ғана еді. Ондай қолда жоқ өнер жайын ертегі ғана баян етуші еді. Кейін, бүгін соның бәрі қол жеткен табыс боп отыр. Мына қырық өтіріктегі сөздің бәрі өмірде қаз-қалпында іске асады деп ешкім де айтпайды. Бірақ сонымен катар, осы әңгімелердің негізінде де көп мән бар. Адамның бар табиғат жайындағы фантазиясы білінеді. Бірақ бұл айтылғандар әзірше шындықтан алыс. Болды деуге ерсі. Сондықтан болмасты болды деп, қисынсызды қиыстырып айтқанына қарап еріксіз күлесің. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Бизнес туралы түсінік

Кіріспе
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бизнесті бағалау қарқыны өсіп жатыр, соған байланысты Қазақстан Республикасының бағалау туралы заңына сәйкес жекешелендіру кезінде, сенімді басқаруға немесе жалға беруге байланысты, сату кезінде, ипотекалық несиелеу кезінде бизнесті бағалау міндетті болып табылады.
Кәсіпорынның бәсекелестері жағынан білу үшін және бизнестің табыстылығын анықтау үшін, кәсіпорын қызметіне әсер ету жағынан жоғары факторларын, яғни қоршаған орта факторларын анықтау қажет.
Бұл тақырыпта қарастырылған бизнесті бағалауға экономикалық заңдардың
әсер етуі жайында қарастырдым.
Экономикалық заңдардың бағалануы туралы заңда көрсетілген. Яғни, экономикалық барысында заңдарды білу, яғни факторлардың қалай әсер етуі, бизнестің табыстылығын, сонымен қатар шығындық тәсіл яғни олардың бағалану мақсаты жөнінде қарастырдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Көрікті де келбетті – Балқашым

Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш қаласы қазіргі таңда барша әлемге сары алтындай мысымен және орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен өз елімнің патриотымын!

Өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Айбек. Мен 8 жастамын. Осы күнге дейін кен байтақ Отанымның барлық жерімен таныспасамда , теледидар арқылы және анамның әңгімелері арқылы білемін. Отан үйден басталады демекші , мен өз үйімді, мектебімді, туған өлкемді қатты жақсы көремін. Нағашы жұртыма қонаққа барғанда да, үйімдегі күшігім, мысығым не болды екен деп, достарым не істеп жүр екен деп ойлап жүремін. Әкем секілді болашақта балуан ер жігіт болып, әскер қатарында қызмет атқарғым келеді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел қасиеті-ер қасиеті

Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыз қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да ,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық
0 0