Реферат: Шешен сөйлеу сыры

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
• Саяси тақырыпта сөйлеу
• Салтанатты мәслихатта сөйлеу
• Сотта сөйлеу
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің қолданылу аясы

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салар, біреу салмас.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Дарындылық туралы жалпы түсінік

Жұмыстың өзектілігі:Дарындылық дегеніміз не?Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па?Және дарынды балаларға қалай қарау керек?Олар ерекше бағыт пен еркеше даму,көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып,ең алдымен оның шынайы байқаулары,анықталу тәсілдері,дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады.Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық -бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері,өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, шет елдерде дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема жоқтын қасы.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты.Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі.Шет ел психологтар:Дж.Гилфорд,П.Торренс,Ф.Баррон,К.Тейлор.Ал педагогтар Дж.Кэрол мен Б.Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж.Брюно айналысты.(“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар:А.М.Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы”еңбегінде, Шумакова Н.Б.Өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д.өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық”атты мақаласында С.Юркевич“Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Біздің мақсаты:дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Саяси элитаның түсiнiгi

"Элита" терминi фраңцуздың еiiiе деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады.
""Элита" терминiн ғылыми айнальшға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатын-да" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясь;н жасады. Ол бо-йынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуыңың арқасында келедi. Ол идея жұзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қара-пайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие бола¬ды. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос қщiл- "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей

ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей[1] (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі "Қарнақ” .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Хачин Георгий Андреевич

Хачин Георгий Андреевич (15.3.1915, Ресей, Башқортостан, Зилаир ауданы Кананикольское селосы - 2.5.1978, Қостанай облысы Жітіқара қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы жауынгер. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы шақырылған. 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың тамыз айынан танкіні жоятын дивизионда өзінің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның білім мәселесі кешесі бүгіні болашағы

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай......
Ертегілер
Толық
0 0