Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ

Диалектикалық материализімнің позициясы бойынша мән — бұл заттың ең басты, ішкі, біршама тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының жиынтығы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан оның барлық басқа жақтары мен белгілері тарайды. Осы анықтамаға сүйене отырып, мысалда көрсетілгендей элементарлық кереге көз арқылы талдау негізінде педагогикалық процестің мәні, екі жақты сипатылынады — ең әуелі, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік жүйе ретінде, содан соң өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.
Әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі педагогикалық процесте де оларға тән ұқсас белгілері болады:
- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмыс істеуі мақсатқа
лайықты жүреді;
- өз-ара байланысты элементгерден тұрады (бөліктерден);
- жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді;
- оның жұмысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады;
ішкі құрылым жүйесінің қоршаған орта мен байланыстылығының және деңгейлерінің тәуелділігін көрсетеді;
- жүйе өзінің ішкі карама-кайшылықтарына байланысты дамуға
қабілетті;
- ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
- Педагогикалық процесс біртұтас объект ретінде оның бөліктеріне емес, тек сол нақтылы объектіге ғана, өзіне тән интегративтік қасиеттерінон туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне болады. Әлеуметтік жүйелерде, жүйе құрушы фактор болып мақсат саналады. Педагогикалық процесте мақсат, қоғамның өсіп келе жатқан адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысынан туындайды, ал оның нәтижесі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттеріне байланысты болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сəйкес)8.3.3.2Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді.(қазақстандық компонент негізінде)
Сабақтың мақсаты: -Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын біледі
- құрлық суларының шаруашылыққа тигізетін әсерін мысалдар негізінде сипаттайды, ерекшелігін талдайды
- Қазақстандағы құрлық суларының шаруашылықты дамытудағы маңызын сипаттай алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сафуан Шаймерденов

Сафуан Шаймерденов(15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).
ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы "Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер,
1950 — 52 жылы "Лениншіл жас” (қазіргі "Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды. Кейіннен "Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55),
"Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56),
Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63),
"Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі "Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60),
Қазақ КСР-і Мәдениет мин-нде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
1976 жылдан бірыңғай шығарм. жұмыспен айналысты. Алғашқы көркем шығармасы — "Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Белбеу тастау

«Белбеу тастау» — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Шығарма: Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қар жауып тұр)

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Жазғы демалыс

6 а сынып Сұлтанбек Ханболат

Мен жазғы демалысым өте керемет өтті.Мен жазғы демалысмда Алматы қаласына бараып демалдым.Маған қатты ұнады. Мектептегі достарымда жазғы демалысында қандай қызықты жағдайлар болғанын қайта қайта айтып жатыр.
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер

Туған жер - ол әрбір адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шырқыраған жан-жануары, шырылдаған кұстары, бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. ”Отаным” деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.......
Шығармалар
Толық
0 0