Географиядан сабақ жоспары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы №3 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера және климат
Сабақ тақырыбы: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу.
Табиғат зоналарының орналасу реттілігін білу;
Табиғат зоналарының ерекшелігін ажырата білу.
Сабақ мақсаттары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Мазмұны
1 Ғалымдар зерттеуі
2 Өмір сүрген кезеңі
3 Толғаулары
4 Философия дүниетанымы
5 Дереккөздер
Ғалымдар зерттеуі

Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
Өмір сүрген кезеңі

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Корольдің жаңа жасауы

Бұдан көп жылдар бұрын дүниеде бір король өмір сүріпті. Оның әдемі киінгенді жақсы көретіндігі соншалық, барлық ақшасын жаңа киім тіктіруге жұмсапты. Ал салтанатты шеру, театр, қала сыртына серуен жасау дегендерің корольді онда сәнді киімдерін көрсете алатындығы үшін ғана еліктіреді екен. Оның күннің әр сағатына сай киетін киімдері болыпты. Өзге корольдер жөнінде қызметшілері: «Король кеңесте» дегенді айтса, бұған келгенде: «Король киініп жатыр» десіпті-міс.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тоғыз тоңқылдақ бір шіңкілдек

Ертеде екі қатыны бар бір адам болыпты. Мұның үлкен қатынынан тоғыз ұлы бар екен, тоқалынан бір-ақ ұлы бар екен. Үлкен қатынынан туған тоғыз ұл зорлықшыл болыпты. Сондықтан оларды жұрт: «Тоңқылдақ» деп атапты. Бәйбішеден туған тоғыз тоқалдан туған жалғыз ұлды шырылдатып, зорлық қыла беретін болғаң соң, оны жұрт: «Шіңкілдек» деп атапты.
Әкесі өлген соң, бұлар аз ғана малдан айырылып, жұтап қалады. Бәрі қаңғырып, мал іздеп, бір жерге келеді. Тоғыз Тоңқылдак малды бірге жаяды, Шіңкілдек малды бір бөлек жаяды. Тоғыз Тоңқылдақ бір Шіңкілдекке қастық қыла береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғарыш қонақтары

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту. Өз еріктерімен ғажайып сурет салғызу.

Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Сәуір айында қандай мейрам бар?
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні оның зерттеу нысаны

Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру- үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы басталды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуі

Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті. Ресейдің орта азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты Иван IV Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Сібірдің Оңтүстік-Батысын1 жаулап алуы, Қам сауда жолдарын салу Қазақ хандықтарымен тікелей байланысқа түсуді жеңілдетті. Ресей мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы орнатқаннан кейін, XVI ғасырдың 2-жартысында ерекше өсті. Қазақстан арқылы орта азия хандықтарымен транзиттік сауда жолдарын дамытуға мүдделі және көпестік керуендердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тырысқан Ресей мемлекеті Қазақ хандығының көршілес елдермен саяси жағдай және өзара қарым-қатынас жасауына нақты мүдделер білдірді.
Мәскеу патшалары қазақ хандықтарымен тікелей байланыс жасауды орнатуға ұмтылды. Бұл жерде елшілік байланыстар үлкен рөл атқарды.1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді. Елшілердің міндеті қазақтармен сауда жасуды қалыпқа келтіру болды. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандар тастады. 1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров, ол кездегі ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді. 1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді. Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісім-шарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. Бұдан басқа, ол Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді.
Орыс ханының Тәуекел ханға берген кері грамотасында «жалынды шайқасқа шығу» және қазақтарды олардың барлық қарсыластарынан «қорғау» туралы сөз берілген болатын. XV-XVI ғаысрдың аяғында экономикалық және саяси дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Ресей мемлекеті саяси мақсаттарға ие бола отырып, шығыс шет елдің саудасын марапаттады. 1574 жылы 30 мамырда Яковқа және Григорий Строгановқа Иван Грозныйдың сыйлыққа берген грамотасында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасауға рұқсат етілген. Сауда-экономикалық байланыста екі тарапта бірдей мүдделі болды. Сауда айланымы арқылы қазақтар үй дағдысының заттарын, оқ қаруларын сатып алды, ал орыстар олардан әртүрлі шикізаттар, малдар алды ....
Рефераттар
Толық
0 0