Реферат: Медицина | Денсаулық нығайтатын факторлар

Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл-тұқым, әлеуметтік-экономикалық, табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады.
Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзiнiң денесiн сауықтыру үшiн және ғұмырын ұзарту үшiн, өте күштi бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирдi де iштi, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түстi. Новокаинды да денесiне ине (шприц) арқылы жiбердi, жануарлардың жыныс мүшелерiн қоздыратын бездерi де денелерiне таратты, дененiң сыртында (терiде) пайда болатын электр зарядтарын кетiру үшiн суға түсiп шомылған, магниттiк өрiстi да пайдаланған. Мұның бәрiн қазiргi заманның адамдары да паидаланып келедi. Бiрақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткенi байқалмады. Аадамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бiр ғана фактор бар. Ол белсендi түрде жүргiзiлген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрiдәрмектердi салыстыруға болмайды. Дәрi-дәрмектердi iшудiң қажетi болмай қалады. Белсендi түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғумырыұзара түсетiнi ғылыми тұрғыдан да және практика жүзiнде де дәлелдендi. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа жыл – отбасылық мереке (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл – отбасылық мереке
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу.
ӘТН5. Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Көптеген оқушылар:
Мәтінге компрессия жасай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Сабақ тақырыбы: Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.6 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;
10.3.4.7 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Сөздер белгілі бір заңдылық бойынша байланысып жататыны ешбір дау туғызбайды. Бірақ сол сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, олардың өзара байланысу тәсілін анықтау осал шаруа емес. Мамандар бұның жолын сөздердің дербестігінен іздейді. Ал сөздердің полисемиялық қасиеттері сол тілдегі жүйеліліктің аясына сыймайды. Зерттеуші ғалымдар біраз уақыт лексиканы жүйелеуге болмайды деген ойда болды. Тілдегі сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларға бөліп топтау бұрыннан бар болатын. Бірақ бұл тәжірибе сөздік құрамды толық қамтымайды. Себебі, тілімізде антонимдік, синонимдік сыңарлары жоқ сөздер де бар.
Тілді жүйелі құбылыс деп, тұжырымды негіз салған Фердинанд де Соссюр, ал орыс тіл білімінде одан бұрын Бодуэн де куртене тілдің барлық салалары белгілі бір жүйеге бағынады деп тұжырымдаған. Ал түркі тілінің лексикасын белгілі бір жүйеге бағындыра алған семантикалық топтарға бөлген Н.К. Дмитриев. Бұдан кейін сөздерді лексика-семантикалық топтар бойынша зерттеу жұмысы қолға алына бастады.
Н.К. Дмитриев етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп бөліп, өзіне дейінгі дәстүрге сүйенеді. Қазақ тіліндегі етістіктер әлі толық семантикалық талқысына түсе қойған жоқ. Бұл мәселелерде біршама зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл істі ілгері жылжытқан ғалымдар Ы. Маманов, А. Қасенова, Н. Оралбаева.
Зерттеу нысаны.
Жұмыстың негізгі зерттеу нысаны батырлар жырындағы етістіктердің семантикасын танып білу болып табылады. Осы арқылы етістіктің лексика-семантикалық мағыналарына талдау жасай отырып, олардың белгілі бір жүйесін анықтау.
Жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің лексика-семантикалық мағынасын аша отырып:
- етістіктерді лексика-семантикалық мағынасына қарай топтастыру;
- кіші семантикалық топтардың мәнін ашу;
- олардың ішкі, сыртқы ерекшеліктерін айқындау;
- сөз қолданысындағы өзіне тән сипаттарын айқындау;
Зерттеу жұмысының дерек көздері.
Зерттеу жұмысының негізгі материалдары «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларынан алынды. Ал жұмысты орындау үшін тілдік ғылыми еңбектер А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991ж.), Ы. Мамановтың «Қазіргі қазақ тілі» (1966ж.), М. Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980ж.) және М. Оразовтың «Семантика казахского глагола» (1983ж.) еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Етістіктердің семантикасын зерттеу жұмысы батырлар жырының үлгілерімен байланыстырыла қаралуы қазақ тілі ғылымындағы семантиканың дамуына игі ықпал етеді.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмысы барысында салыстыру, топтастыру, түсіндіру әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және негізгі бөлімнің тармақтары мен қорытынды бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ

Тілдің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: бірі оның сөздік мағынасы, екіншісі грамматикалық мағынасы. Осы екі бірліктен тіл құралып, айтатын ой түсінікті дәрежеге жетіп, ол адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралына айналады, қызмет етеді. Сөзді жалаң, бастапқы, түбір қалпында ғана қолданып, пайдаланғыңыз келсе, ол тек қана жеке дара ұғымдарды ғана білдіреді де бір-бірімен байланыспағандықтан жүйелі, ұғынықты ойды білдіре алмайды. Бұдан шығатын қорытынды сөздер тіліміздің грамматикалық заңдарына сәйкес қолданылғанда ғана айтар ой түсінікті, оның мағынасы жеткілікті болмақ. Осымен бірге сөздерсіз тек грамматикалық формаларды қолдану арқылы ғана ойды жеткізу жоғарғыдай кері нәтиже береді. Бұдан шығатын қорытынды сөз бен грамматикалық құрылыс өзара бірлесіп қызмет етпесе, тіл құрал ретіндегі қызметін атқара алмайды. Яғни, сөз тіл материалы болса, грамматика олардың бастарын жымдастырып, біріктіретін, басын құрап беретін көріктендіруші жамылғыш деп айтуға болады. Тілдің сөздігін лексикология ғылымы тексереді, ал грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы зерттейді. Тіл ғылымының осы екі саласының тексеретін мәселелері екі бөлек болғанымен, екеуіне де ортақ объект – сөз. Сөзсіз ғылымның екі саласы да алысқа бара алмайды. Сөз айналамыздағы түрлі құбылыстар мен заттардың аты мен атауы болса, сол атаулардың өмірімізде белгіленген нақты мағынасы болады. Ол мағына осы тілде сөйлейтін бүкіл халықтың барлығына ортақ, түсінікті болуға тиіс. Мысалы: от, орман, жер, күн, топырақ, ағаш, су, өзен, көл, жол деген сөздер айтылған сәтте әрқайсысы белгілі заттың атауы ретінде қазақ тілін білетін, сол тілді еркін меңгерген адамдардың барлығына түсінікті болып, көз алдымызға елестейді, яғни бейнесі ой-қиялымызда көрініс табады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қожеке Назарұлы (1828 - 1881)

Қожеке Назарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарқара аулында дүниеге келіп, 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қызылкүрке қаласы) — күйші -сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар.......
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Салауатты өмір салтымен денсаулықты нығайту

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында біздің.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Ертегі: Бремен әншілері

Баяғыда бір диірменші болыпты. Әлгі диірменшінің әрі ақылды, әрі мықты бір жақсы есегі болса керек. Жануар диірменде көп жыл қара жұмыс істеп, қап-қап ұнды таси-таси, ақырында әбден қартайыпты.

Бір күні иесі есегіне қараса, құр сүлдері тұр, жүк тасыр қауқары қалмапты, сондықтан да оны ұрып-ұрып қуып жібереді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Бұлшықетіңізді қатайтатын тағамдар

1. Сүзбе

Сүзбе бұлшықет жинауға көмектеседі. Небары 150 грамм сүзбе сізге 22 грамм ақуыз береді.

2. Албырт (еті нәзік қызғылт түсті ірі қызыл балық)

Албыртта ақуыз бен омега-3 қышқылы мол. Ал бұл екеуі сіздің бұлшықетіңізді өсіруге көмектеседі. Албырт ағзадағы зат алмасуды да жеделдетеді.

3. Сұлы

Сұлыда дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар, жасұнықтар көптеп кездеседі. Ал бұл элементтер біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Сұлы қандағы қант мөлшерін де қалпына келтіреді. ......
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық
0 0