Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1- сабақ Сөз құрамын еске түсіреміз Сәулет өнері туралы не білемін? (3 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cәулет өнері
Сабақтың тақырыбы: 1- сабақ. Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білемін?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-Тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді
Оқушылардың көбі жасай алады:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат)
Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді өлкеме,

Табиғатым тамаша.

Гүл қаптады бөктерді,

Нұрға толды айнала.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Тағаланың Елшісі Мұхаммед ﷺ былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.

Жұбайлардың бақытты отбасын құрып, сүйіспеншілікте өмір сүрулері үшін әйел адамдармен қатар, ер адамдар да отбасындағы міндеттерін дұрыс атқара білулері аса маңызды. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам мына нәрселерді жасауы тиіс:

Алла Тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар»
(«Нисә» сүресі, 19-аят).
Жұмыстан шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жануарлардың мінез-құлқы

Кіріспе
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар

Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
Ала мал

Үлгісіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Ала мал

Андыру мен мәндіру,
Тігісі жоқ қондыру.
Ала мал

Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
Желідегі биені емген құлын.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0