Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Семей, Торғай, Жетісу кітапханалары Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Сабақтың мақсаттары: Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау....
Қимақ мемлекетінің тарихы 1. Қимақ мемлекетінің пайда болуы және дамуы. 2. Қимақ мемлекетінің шаруашылығы Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. .....
Орманның шетіндегі кішігірім кішкентай үй бар. Сол үйде ұлы мен ағаш кесуші қария тұрады. Қария қартайған сайын оның жұмысы қиындай түседі. Ұлы Хуан мейірімді, қайрымды, батыр болса да, əкесіне көмектеспейді.
Бір күні қария Хуанға:
— Ағаш азайып қалды. Орманға барып ағаш кес.
— Мен қазір барамын, – деп уəде етті Хуан, бірақ тіпті қозғалмады.
Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің.
Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды.
Бұл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бұл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың.
Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты...
Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың.
Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді.
Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық?
Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден,
Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді.
Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді.
Мектепте көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды.
Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тан іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол. Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайың әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды.
Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.
Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап есе бастады. Солардың арасында: Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөжіп шалажансар жұтап тұрды.
Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде, қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалып, құритын шығармыз», — деп уайым шекті.
Бұл қайғылы халді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай. Алмабек дейтін бала алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың халі мүшкіл екен»,— деп, ол сыбдырлап бұталарға айтып еді. Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбдыр қағыл талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кен алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді......
Күз. Күн шайдай ашық. Алматының оқтай түзу көшелерiнiң бiрiнде орта бойлы, қыпша бел, қарақат көз, қыр мұрынды, ашаң жүздi қыз қолындағы үлкен қара чемоданды терлеп-тепшiп әрең көтерiп келедi. Жол бойы жағалай өскен қайың-емен, тал-теректердiң сарғыш тартқан жапырақтары ұшып жүрген көбелекке ұқсап, қалқып барып жерге қонады.
Бiр кезде алдыңғы жағынан қарсы ұшыраса кеткен сұңғақ бойлы әдемi жiгiт «Қарындас, көмектесiп жiберейiн» деп келiп, қыз қолындағы чемоданға жармаса бердi. Қолы талып келе жатқан қыз қарсылық көрсете қоймады. Жiгiт жөткiрiнiп алды да, жуан даусымен сөз бастады:
— Атым Мұрат. Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң тiл-әдебиет факультетiнде оқимын. Өлеңдерiм республикалық газеттерге жиi жарияланып тұрады. Мүмкiн оқыған да шығарсыз, – деп желдей есiп келедi. Ал қыз болса: «Ақын болса ақын шығар. Олардың осындай сөзуар болып келетiн әдетi емес пе», – деген оймен оның сөзiне онша мән бере қоймады. Өзiнiң жетi атасына дейiн таныстырған жiгiт «Ендi сiздiң кезегiңiз» дегендей, бұған жымия қарады:
— Есiмiм – Көгершiн. Қыздар педагогикалық институтының үшiншi курсында оқимын. Оқуыма асығып келе жатқан бетiм ғой, – дедi сыпайы ғана тiл қатып.
— Жүгiңiздiң ауырлығына қарағанда, ауылдан келесiз-ау!..
Ғұлама Шәкәрім Құдайбердиев жөне оның ұрпақтарының қилы тағдыры туралы артындағы шөпшегіне тікелей жататын Тобықты руының зерделі қызы Эльмира Назарқызы екеуіміздің ғылыми ізденісіміздің нәтижесінде Ұлы тұлғаның көп айтыла бермейтін өмір кереметтеріне көз жеткізе отырып, оқушы қауымға ұсынуды жөн санадық. Ғұлама Шәкәрім және оның ұрпақтарының қилы тағдыры. Географиялық рельефінің орналасуына қарай Ұлы Дала деп аталған ұсақ - шоқылы Сарыарқалы кең жазықтықта Ақ - Орда атанған тарихи мемлекеттің тарихи мұрагері Қазақ елінің өзіндік тілі, ғұрпы, салт - дәстүрлері, фольклоры мен әдебиеті көзге ұрып тұрғандай ерекшеленгенімен - анықтап зерделеген жанға әлемдік мәдениетпен сабақтасып жатқандығын бірден аңғару онша қиынға соқпасы анық. Екінші жағынан Қазақ шежіресінің ерекшелігі мен мақал мәтелдері, фольклоры ғаламдық диалектикалық философияның Азия бөлігіне, оның ішінде тек қазақ ұлтының өзіне ғана тән ой - толғау табиғаты бірден танылады......
Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Сары май – кез келген адамның күнделікті рационының ажырамыс бөлігі. Сары майдағы холестериннен қорқып, оны өсімдік майларымен алмастырған жандар неден құр қалады? Сары майдың пайдасы қандай? Жылу мен күш-қуат Сары май сүт майының концентраты болып табылады. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майлары ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 граммнан артық емес май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді. ......
Егемендік... Тәуелсіз ел... Қазақстан Республикасы... Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық. Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда. Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады.......