Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің елім (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Менің елім (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.4.1 фото/сурет/қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен фото/сурет/қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Көптеген оқушылар: фото/сурет/қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Кейбір оқушылар: фото/сурет/қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша өздігінен мазмұндайды ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломная работа: Технико-экономическая характеристика организации

Представляется на рассмотрение дипломная работа «Учет и аудит расчетов с бюджетом» на примере АО «Лисаковский ГОК».
Налоги, результат длительности исторического развития, по мере становления цивилизации прошли множество этапов. В строго современном смысле налоги возникли с появлением государства. В Древнем Риме действовали чрезвычайно развитые налоговые системы. Для целей налогообложения проводились переписи населения, оценки имущества. Был сформирован механизм изъятия налогов в виде соответствующей иерархии лиц, ответственных за полный сбор налогов.
Несмотря на то что налоги имеют многовековую историю, начала налоговой теории стали создаваться только в XVII в. Так, Н.И. Тургенев в работе «Опыт теории налогов», заложившей начало развитию российской теории налогов, подчеркивал, что «налоги суть средства к достижению целей общества или государства». А.А. Исаев в «Очерках теории и практики налогов» дает более конкретную характеристику: «Налоги суть обязательные денежные платежи частных хозяйств, служащие для покрытия общих расходов государства и единиц самоуправления». Отмечается, что налоги – это денежные платежи. Следует подчеркнуть, налоги – это обязательный платеж, не зависящий от прихоти налогоплательщика. Налог имеет принудительный характер, что принципиально отличает его от добровольных пожертвований. Важнейшая отличительная черта налога – необходимость его взимания строго на законодательной основе. Развитое государство создает соответствующую законодательную базу и исполнительный механизм по контролю и сбору налогов. В налоговых отношениях между государством и налогоплательщиком отсутствует индивидуальный встречный эквивалент или возмездность налогов. Для того, чтобы налоги в наибольшей мере способствовали наполнению бюджетов разных уровней, не подрывали процессов воспроизводства, не приводили к социальной напряженности, требуется выработка соответствующей налоговой политики. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік

Сабақтың мақсаты: 1. Баланың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт- дәстүрлерімізді, қазақи дархандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ(интеграл, ата-анамен жұмыс, жас тәрбиешілер мен жұмыс, іскерлік, үлгі сабақ )
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, айналамен танысу, көркем әдебиет
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу (өзіндік білімнен - ортақ білімге жету)
Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта, киіз үй, бильборт...
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (1)

Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.
Қына

Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.
Тау гүлі

Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Өмірбаян: Оразақын Асқар (1935 - 2019)

Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.

1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.

«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады )....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Бақытты басқа тепкен адам

Бағдат шаһарында бір жігіт болған екен. Бір күні түсінде Қызыр жолығып: «Мен Ніл дариясының жағасында бір бәйтеректің қасында тұрамын, сен маған кел, саған батамды беремін. Сен бақытты боласың», – дейді. Жігіт оянып көзін ашса, таң атып келе жатыр екен. Жігіт:

«Япыр-ау, бұл түсім қалай түс, мүмкін, рас түс болып шығар, мен сол бәйтерекке барып көрейін», – деп, шаһардың ұзын көшесімен жүгіре басып келе жатса, Бағдат шаһарының патшасы терезесін ашып қойып, көшеге қарап отыр екен. Асыға басып бара жатқан жігітті көріп, патша шақырып алады:

— Сен, жігіт, жұрт тұрмай, асығып қайда барасың, бір нәрсеге қуанып барасың ба, я болмаса бір нәрседен қорқып, қашып барасың ба? – дейді. Жігіт:

— Тақсыр, патша, мен бүгін түсімде Қызырды көрдім, ол кісі: «Мен сені Ніл дариясының жағасында күтемін, сен маған кел, мен батамды беремін, содан соң сен бақытты боласың», – деді. Осы түсім рас болар деп, сол Қызырды іздеп барамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0