Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (2-сабақ) (1 сынып, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы әңгімелер оқу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №1
Оқу мақсаттары: 10.4.1.5 Шаруашылық салаларын орналастырудың территориялық факторларын талдайды;
10.4.1.6 Дүние жүзі шаруашылық салаларын орналастырудың қазіргі заманғы факторларын талдайды.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өндірісті орналастыру факторларын әдеттен тыс жағдайларда қолдану дағдыларын дамытады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Дәурен Серғазин Серікбекұлы (1984 жылы 6 қазан)

Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан).
Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен.
2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген.
2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан);
2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сүйіндік Жанысбай

Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді. Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі

Кiрiспе
Қазiргi мектептерде оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ Сабақтың түрлерiне сәйкес құрылымдары әр түрлi болады Еңбекке баулу сабақтарының көбiне көбiне жалпы құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi:
-ұйымдастыру бөлiмi оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi; оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi арнайы киiмдерiнiң бар болуын тексеру;
-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
-оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн мұғалiмнiң кiрiспе нұсқауы сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн көрсетуi және iс- әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми негiздеуi;
-қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша нұсқау;
-оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен құрал-жабдықтарды үлестiру;
-оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi ж„не олардың жұмыстарына бақылау жүргiзуi; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама

“ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының еліміздің тарихындағы айрықша ауыр кезең болып қалды. Қазақтар мал мүлкі мен адамдарынан Жетісудағы аса шұрайлы жайылымдарынан айырылды. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп қонудың жолдары бұзылды. Сырдария бойы мен Жетісудағы мәдениеттің ошақтары тып - типыл құртылды. Айта кетсек “Ақтабан шұбырынды жылдарында қазақтардың бәрі бірдей ата баба қонысын тастап, басқа үдере көшкен жоқ. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі халықтар жоңғар билеушілеріне алым салық төлеп соларға бағынып отырды.
Тақырыптың мақсаты:
Жоңғар феодалдарының үздіксіз шабуылы, отырықшы егінші аудандармен сауда керуен жолындағы қалаларды тонауы мен шұрайлы жайылымдарды басып алуы қазақ халқын ауыр экономикалық қиыншылыққа алып келгенін көрсету. Сөйтіп ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар етті. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ халқының экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырғандығын көрсету.
Тақырыптың міндеттері
1. Деректерді салыстыра отырып зерттеу
2. Осы тақырыпты кеңінен ашу
3. Сол кездегі қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын толық ашып көрсету.
4. Тақырыптың өзектілігін көрсету.
5. Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу
Тарихы сонау ғасырлардан басталатын қазақ халқы бүгінгі тәуелсіздікке дейін қолы жеткенге дейін өз басынан сан қилы жағдайларды кешірді. Солардың ішінде халқымыздың тарихында ерекше орын алатын оқиғалар қаншама көп. Бірақ бүгінгі күні оның бірін білсек бірі ұмыт болған. Соның бірі бұдан үш ғасырдай уақыт бұрын өткен оқиға. Қазақ жоңғар қатынастарыны ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Өз нышаны жоқ мемлекет болмайды

«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»
Н.Ә.Назарбаев
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтейтін және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар. Бұл міндеттің күрделігін Елбасы нақты пайымдап, «..бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Физика | Айнымалы жұлдыздар үшін информация мен энтропия қатынасын анықтау

Қазіргі кезде физика ғылымында астрофизикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Астрофизикалық объектілерге әртүрлі ықпал етуші факторлардың әсер етуі салдарынан бейсызық физиканың жаңа әдістерімен астрофизикалық объектілерді, оның ішіндегі айнымалы жұлдыздарды, тұмандықтар мен галактикаларды зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Уақыт өте келе жұлдыздарды топтастырумен байланысты қиындықтар көбейеді: айнымалылықтың түрлі типтерінің байланысы анықталған және де бір объектінің бірнеше айнымалылық типіне жатқызу қажеттілігі туындайды, себебі олар әр түрлі физикалық себептермен анықталады.
Жұлдыздардың жарқырау қисықтарындағы ақпаратты қолдану эффективтілік деңгейі мен талдау жасау әдістеріне тәуелді. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарынан алынатын сигналдарда алмасу мен хаос болғандықтан, олардың физикалық табиғаты жөніндегі жаңа, қызық ақпаратты олардың зерттеуіне қолданылатын бейсызық физика әдістерінен алуға болады. Сонымен қоса, типі дұрыс анықталмаған айнымалы жұлдыздар да кездесіп жатады. Осындай типтері нақты анықталмаған жұлдыздарды зерттеуде бейсызық физика әдісі қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0