Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде. Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.....
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста білімді тексеру жүйесінің әдістемесі мен теориясы қарастырылады және соған орай "білімді тексеру жүйесінің программалық қабықшасы" деп аталатын программалық құрал жобасы беріледі ....
Мен О.Қ.О Ордабасы ауданының шағын ғана Ытынмақ деген ауылында, 2001жылдың қазан айының 12-інші жұлдызында өмірге келдім. Менің отбасым өте үлкен. Себебі, біз атам, әжем, анам, әкем, ағам, інім, 3сіңілім және мен, бәріміз тату тәті жанұямыз. Кейде отбасыммен мақтанып та аламын. Мен шыр етіп өмірге келген сәттен-ақ, бәрі мені еркелетіп, қатты ерке болып кетіппін. Бірақ, отбасымда ең үлкені болғандықтан көп еркелей алмадым. Не дегенмен еркелігім кейін сейілді. Мен кішкентай кезімде айтқанымды істетпей қаймайтын қырсық болып өстім. Не болса да ешкімнің көңіліне қарамай, еш ойсыз, түсінусіз болғандаймын.......
1. Жеке табыс салығының міндеттері Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: • барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі; • салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі; ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы Сабақтың тақырыбы: Достық байланыстар Сабақтың түрі Қайталау, алдынғы білімді бекіту сабағы. Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу. 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану Сабақтың мақсаты: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме жазу дағдысын дамыту. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіру, оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Барлық оқушылар: Стиль, жанр ерекшеліктерін түсініп, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алады Оқушылардың көбісі: Жазба жұмысын сауатты орындайды, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануға тырысады, сөйлеу тіліндегі интонацияның логикалық екпіннің қойылу себебін түсіндіре алады Кейбір оқушылар: Көркемдегіш құралдарды еркін қолданады, публицистикалық стильмен қатар авторлық стильді байланыстыра алады, мәтінді мәнерлеп оқиды......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Табиғат құбылыстары Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда» Оқу мақсаттары: 4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу; 4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды; Көпшілік оқушылар: өлеңді сын тұрғысынан бағалап оқиды; Кейбір оқушылар:өлең кейіпкеріне хат жазады.....
Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: .....
7,62 MM Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған. Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен — 1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы — 430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады. Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі. Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден тұрады (17-сурет): • ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан; • қайтармалы механизмнен; • бекітпе жақтауынан; • бекітпеден; • реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен; • ұңғы жабуынан (оң және сол);
16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі
17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 - кайтармалы механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7 - газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағыткыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш; 15 - сүңгі-пышақ • соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.
Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіре (оны "Ату" жағдайына қойган кезде - "О" әрпі көрініп тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде "П" әрпі көрініп тұруы тиіс). Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді, ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады. Тежегішті "Ату" жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады). Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады - бекітпе ашылады. Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді. Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.....