Реферат: Қазақ әдебиеті | Тойғара ханшайым

Тойғара ханшайым (т.ж.б. -1805) - Нұралы ханның қызы. Ақылына сай сұлулығымен ерекшеленген, Ресейдің жоғ. мәртебелі ортасына танымал болған тұлға. Белгілі тарихшы, ғалым А.Рязанов «Сырым батыр» кітабында: «Орынборда Нұралы ханның қызы Тойғара ханшайым өмір сұрді. Оның жолдасы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Кептер мен қарға

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Апасы:

– Құлыным, мынау–

«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,

Оқиды оны балдырғандар

Қаладағы, қырдағы.

Ертегілер, әңгімелер мұндағы,

Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы

Бөбектерге ұнайды,

Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.

Немересі:

– Суреттер де қызық екен мұндағы,

Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.

Апа, маған тез үйретші әріпті,

Журналымды оқығым кеп тұрғаны.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Айтыс жайлы бірер сөз!

Жалпы айтыс қазақтың көсемдігі мен шешендігінің бір дәлелі іспетті ұлттық өнер.Ал айтыстың көшін алға сүйреушілер ақындар.
Ақындық кез-келгеннің басына қона бермес бақ,олар орасан зор дарын иесі.Әу демейтін қазақ жоқ дегенде бар бірақ,саxнаға шығып сенім артқан xалықтың үмітін ақтай отырып,табан астында сөз таба білу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Ендеше осынау ғазиз өнеріміздің біздің өміріміздегі орны мен бүгінгі өресі жайында...
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Бактериялар


Бактерияларды - шынында прокариотты ағзаларға жатқызады. Прокариоттарға мынадай микробтар тобы жатады: эубактериялар, спирохеталар, микоплазмалар, миксобактериялар, актиномецеттер, көк жасыл бактериялар жатады. Бактериялар пішінді таяқшалар тәрізді (жұмыр) не шар тәрізді (коктар), спириллалар (вибриондар, спирохеттер).
Актиномициттер және оларға туысты ағзаларға жататын дарақтарда ұзын және бұтақталған клеткаларды гифтерді, олдар мицелийді жіпшелерді немесе гифтердің ірілеуін түзеді.
Микоплазмалардың клеткаларында тығыз қабы болмайды, сондықтан олардың пішіндері кез келген түріне айналу мүмкін.
Тұңғыш рет микробтар әлемін ашқан голандиялық жаратылыстанушы А. Левенгук болған екен. Ол лупаны бірнеше рет жетілдіріп, оның ұлғайтылуын 160-270 есе арттырып лупа микроскобты ойлап тапты. Левенгук заманынан кейін микробтар әлемін зерттеу үшін микробиологиялық техника бірнеше есе қадамға алға басты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Философия | Әбу Насыр Әл-Фараби

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу

КІРІСПЕ
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38 бб.]
Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет. Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-22 бб.]
Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша: "тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"- деген. [3 –18-21 бб.].
"Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.]
Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр.
ТҰлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі - өзімен жұмыс істеуде бірінші қадам және күрделі үрдіс, бұл кезде сырттан көмек туралы мәселе пайда болады. Өзімен жұмыс істейтін тұлғаға беретін психологиялық көмектен, бағыттылықтан және ұйымдастырушылықтан өзін-өзі тәрбиелеудің эффективтілігі тәуелді болады. Сондықтан осы ғылыми зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуде психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін талдап зерттеу.
Зерттеу пәні: Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қазақ тіліне бейімделген «талаптану денгейін анықтау» (Шварцвандердің) әдістеме көмегімен зерттеп талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Өзін-өзі тәрбиелеуді талдаған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қарапайым сөзжұмбақ құру

1. программасын іске қосамыз;
2. Бағандардың енін кішірейтеміз:
2.1. Бүкіл Лист1 парағын ерекшелейміз. Ол үшін А бағананың сол жағындағы (сурет 1) сұр тіктөртбұрышта тышқанды шертеміз. Сонда бүкіл Лист1 парағы ерекше
Сурет 1
2.2. Ұяшықтардың енін 2-ге тең етіп аламыз. Ол үшін кез-келген баған атында тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Ашылған контестік мәзірден «Ширина столбца» қатарын таңдаймыз (сурет 2). Сонда ашылған сұхбат терезенің «Ширина столбца» өрісіне 2 мәнін береміз де ОК батырмасын шертеміз (су
Сурет 2
Сурет 2 Сурет 3

3. Сөзжұмбаққа сөздер енгізу:
3.1. Тігінен кілттік сөз жазамыз;
3.2. Кілттк сөздің әрбір әрпіне мағыналас көлденең сөздер жазамыз;
3.3. Көлденең сөздерді нөмірлейміз (сурет 4);
3.4. Құрылған сөзжұмбақ аймағын ерекшелейміз.
Ерекшелеу үшін Ctrl пернесін пайдаланамыз (сурет5) ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0