Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі туындады.
Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет.
ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау керек .
Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер : Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова , С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина , Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертті.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру , білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды .
Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы , Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе туралы зерттеулері , еңбектері .
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге
бейімдеу
- Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
- Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

ЖҮЗ АУРУҒА ЕМ САРЫМСАҚ ТҰНБАЛАРЫ

Шыны бөтелкеге 12 бау сарымсақ салыңыз, əркайсысы 4 ке бөлінген болуы керек.
Үш стакан қызыл вино құйыңыз үстінен. Аузын жауып терезенің күн түсетін жағына екі аптаға қойып қойыңыз.
Күніне 2-3 рет араластырып тұрыңыз. Сосын шыны ыдыстан қараңғы ыдысқа құйыңыз.

Бір ай көлемінде күніне үш реттен 1 шай қасыкпен ішіп жүріңіз.
Ағзадағы тұзды шығаратын, жұмыс қабілетіңізді арттыратын, қаныңызды тазалайтын, иммунитетіңізді жақсартатын, қантамырларыңызды нығайтатын бірден бір ем осы.

Жүректі өте мықты қылады, қанды тазартып, ағзаны жақсартады.
Артық майларды кетіреді, зат алмасуды жақсартады. Əйелдер ауруларына бірден бір ем. Ағзаңызды оңай əрі жұмсақ жолмен қалдықтардан тазалайды.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар - күн шуағы

Мұғалім: Құрметті ардақты аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Мұғалім: Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қыз қызғалдақтар, бүгінгі біздің концертімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Раййана
Шалқып - тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналар, сіздерді құттықтап,
Әндетеміз бүгін біз!

Мади
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз!
Қыздарды да құттықтап!
Мерекесің тойлаймыз! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 80 жылдардың II жартысындағы Республикадағы әлеуметтік экономикалық жағдайы

М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.
Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.
“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Польша Республикасы

Польша Республикасының жер аумағы – 312,7 мың км.
Астанасы – Варшава қаласы.
Әкімшілік жағынан провинцияға бөлінеді.
Ұлттық мейрамы - қараша – Тәуелсіздік күні.
Ақша бірлігі – злота.
Мемілекет басқарушысы – президент.
Польша Германияменр және төрт батысевропа елдері – Ресей, Литва, беларусия және украйна елдерімен шектесіп жатыр.
Польша барлық елдермен қалыпты және болжамдауға болатын қатынастарды орнатуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатты жүргізіп келсді. Сыртқы саясатта Польша әлемнің көп түрпатты құрылымының принциптерін басшылыққа алады. Варшава халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен бслсенді түрде ынтымақтасып келеді.
Қазақстан Республикасының егемендігін алғашқылардың бірі болып таныған Польша біздің елімізбен жан-жақын қарым-қатынас орната бастады. Әңгіме шын мэнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айіқындайды, мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталган сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды ,екі жақты қолдауға жәрдемдеседі.
Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне — стратегиялық эріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар қызығушылығы бар. Біріншіден. Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат көздеріне бай болуы, қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ. Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы байланыс дэнекері рөлін атқаруда. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламдық климаттық проблема (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа райы және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық климаттық проблема
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
7.ӘТН3. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу 7.ӘТН3.Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп, редакциялайды. Сонымен қатар лексикалық бірліктерді ажыратып, анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Наубайхана өндірісі

Наубайхана өндірісі
Жоспар:
1. Өңдірістің технологиялық сулбасы.
2. Қамырды дайындау тәсілдері.
3. Қамырды илеу және ашыту.
4. Қамырды бөлу. Нанды пісіру.
5. Нанды шығару.

1. Бидай нанын дайындаудың технологиялық сұлбасы келесі операциялардан тұрады:
• қамыр илеу
• ашыту
• қамырды бастыру
• ашыту
• қамырды бөлшектерге бөлу
• бөлшектерді домалақтау
• алдын-ала тынықтыру
• қамыр дайындалысымен қалыптау
• соңғы рет тынықтыру
• пісіру
• нан сақтауға суыту .....
Рефераттар
Толық
0 0