Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар....
Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. dispepsia қорытылмау) түрінде кездеседі.
Диспепсия — тамақтанудың бұзылуынан немесе микробтардың әсерлерінен туындайтын тез дамитын ас қорыту бұзылысы. Диспепсия қарапайым, уытты және ішектен тыс (парентериалдық) себептерден дамитын болып бөлінеді. Бұл кезде құсу және іш өту (грек. diarrheo — диаррея), зат алмасудың бұзылыстарымен сипатталатын көптеген көріністер пайда болады.
Қарапайым диспепсия балалардың қоректенуі бұзылғанда (артық тамақ бергенде, қосымша тамақтың дұрыс берілмегенінде, жасанды тамақтандыруға ауыстырғанда) пайда болады.
Уытты диспепсия бактериялардың әсерлерінен туындайды немесе қарапайым диспепсияның асқынуынан болуы мүмкін.
Ішектен тыс (парентералдық) себептерден пайда болатын диспепсия дене қызуы көтерілуіне әкелетін жұқпалы аурулар кездерінде дамиды. Бұл кезде диспепсиялық құбылыстар аш ішектердің бүрлерінің құрылымы өзгерулерінен пайда болады. .....
Арал ауданында қалыптасқан жалпы қолайсыз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал барлығымызға мәлім. Арал теңізі орталық Азияның континенттік ішкі су қоймасы ретінде экономикалық маңызды толығымен жоғалып бара жатқандығы туралы берік және жалпыға ортақ әсер қалыптасты. Арал экологиялық апаты аясында: Сырдария мен Амудария ағысын реттеу (жалпы судың теңізге құйылуының тоқтатылуы), теңіз суы тұздылығының 6-8 промильден 25-35 промильге (2/1 литр) күрт артуы, Арал теңізінің «Үлкен» (тұздылығы 60-80 промильге дейін) және «Кіші» (тұздылығы 30 промильге дейін) Арал деп аталатын екі су айдынына бөлінуі, жағалаулардың шөлге айналуының үдеуі және т.б. көріністер орын алды. ....
Аэрофототүсіріс негіздері. Ұшатын аппараттардан жер бетін фотографияға түсіру материалдарын пайдалана отырып, карта немесе план жасау үшін орындалатын жұмыстар жиынтығы аэрофототүсіріс болып саналады. Қазіргі кезде аэрофототүсіріс 1:5000 және одан ұсақ масштабтарға топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі болып отыр; оны жерге орналастыруда, инженерлік зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарында және т. с. с. кең қолданады. Топографиялық карталардың түпнұсқаларын жасауда қолданылып жүрген әдістеріне қарай аэрофототүсіріс құрама және стереотопографиялық болып екі түрге бөлінеді. Құрама аэрофототүсірісте картаның контур бөлігін көбінесе аэрофототүсірістің материалдарын ғылыми өңдеу арқылы жасайды, ал жер бедерін фотопланға немесе фотосхемаға далада түсіреді. Осы әдісті жазық аудандарды және көбінесе ірі масштабтағы түсірістерде және де ұшудың сапасы стереотопографиялық түсірісті жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданады. Стереотопографиялық аэрофототүсіріс — бұл аэрофототүсіріс материалдары арқылы топографиялық картаның түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстар жиынтығы. Құрама түсірістермен салыстырғанда осы әдісті қолданғанда далалық топографиялық жұмыстардың шамасы аз болады. Стереотопографиялық түсірісте аэросуреттерді өңдеу аспаптары жергілікті жердің моделін стереоскопиялық есептеуге негізделген. Стереотопографиялық аэрофототүсірістің артықшылығы мынада: далалық топографиялық жұмыстарды едәуір қысқарту, түсірілетін ауданның физикалық-георафиялық жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау, және ақырында, барлық жұмыстар циклін жыл бойына біркелкі бөлу ....
Бізді қоршаған әлем мәңгілік қозғалыста және мәңгілік өзара әсерлесуде болады. Қозғалыстың ең қарапайым түрі – механикалық қозғалыс. Белгілі бір жағдайларда механикалық қозғалыс қозғалыстың басқа түрлеріне айналады. Су электр станцияларында судың механикалық қозғалысы өткізгіштердегі электрондардың қозғалысына айналады. өз кезеңінде, қыздыру аспаптарындағы электромагнит қозғалыстары молекулалар қозғалысына айналады, ал электр қозғалтқыштарда – механикалық қозғалысқа айналады. Осы айтылғандардан денелер өзара әсерлескенде қозғалыстың бір түрі басқа түрге айналатынын көруге болады. Механикалық қозғалыстың өлшеуіші дене импульсі болып саналады. Алайда, импульс қозғалыстың басқа түрлерінің сандық өлшеуіші бола алмайды, өйткені, механикалық қозғалыс қозғалыстың басқа түрлеріне айналғанда қозғалған дененің импульсі азаяды және тіпті нольге тең болып қалуы мүмкін (мысалы, білеушінің үcтел бетімен қозғалуы). Сондықтан, энергия деген арнаулы физикалық шама енгізілген. VII және VIII сыныптарда физиканы оқығанда бұл терминмен таныстыңдар. Оған қоса, сендер механикалық «кинетикалық және потенциалдық), ішкі (денені құрайтын молекулалар мен атомдар энергиясы) электрлік және атомдық энергиялар болатынын білесіндер. Энергия дегеніміз физикалық шама, оның көмегімен кез келген қозғалысты және кез келген өзара әсерді сан түрінде сипаттауға болады. Басқаша айтқанда, энергия қозғалыстың сандық әмбебап өлшеуіші болып табылады ....
Мақсаты: Гимнастикалық орындықтың үстімен жүруге, бір қатарға қойылған заттар арасынан жыланша ирелеңдеп жүруге үйрету. Жаттығуларды орындау барысында дене сұлулығын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Балалар спорт залына саппен кіреді.
Сапты түзеп тұрады. Тәрбиешімен амандасады.
Сәметсіздерме, балалар! Саламатсызба! Балалар , бізге қонақтар келіп қалыпты, қонақтармен амандасып алайық Балалар: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Туған елдің көгінде ,
Шамшырақ болып жанамыз!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ал, балалар жаттығуымызды қайталап, денемізді шыңықтырып алайық......
Бұл жобада қазақтың көне аспабы қылқобыздың сіріңке талынан қалай жасауға болатындығы зерттеуге арналған. Қазақ халқының қолөнерін оның ішінде музыка аспаптарының шығу тарихымен қолданылуы қарастырылады. Түрлі сіріңкеден жасалған бұйымдармен музыкалық аспаптарды зерттей отырып, технологиялық тілде сіріңкеден дыбыс беретін қобыз құрастырылды. Құрастырылған кезде сіріңке талынан басқа қосымша ешкі терісімен жылқының қылы пайдаланылып өз шешімін тапты. Бұл жобада ұстанған негізгі мақсат: Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек. Н. Ә. Назарбаев. Сол себепті Қорқыт атамыздың көне аспабын жаңаша технологиямен өскелең ұрпаққа көрсету болды. Бақылау кезеңінде мынандай қорытынды жасалды: кез - келген бұйымды көз еліктіретіндей етіп, дайындау үшін сіріңке талын қолдануға болатындығына көз жеткізілді. Кіріспе *Зерттелетін зат. Сіріңке талынан қылқобыз жасау. * Зерттеудің мақсат - міндеті. Көне аспап түрін жаңаша үлгіде жас ұрпаққа насихаттау. Қобыз аспабының қоңыр дауысын тыңдаушы құлақтарға естірту. Жоғалып бара жатқан қолөнер түрінің жаңғыруына кішкене болсын үлесімізді қосу. Қоңыр дауыс аспабының жасалу жолын ұрпаққа үйрету. *Зерттеу болжамы. Егер оқушылар аспаптың тартылу заңдылығына сай зерттеу жасаса, онда жас ұрпақтың қолөнерге деген оты сөнбегендігі......