Курстық жұмыс: Экология | Экологиялық туризм және оның маңызы

Кіріспе
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Жезқазған кен орнын ашу

КІРІСПЕ
Халық шаруашылығының кез-келген саласының тау-кен өндірісінің өнімімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жерде үдей дамып, өркендей өсіп кету мүмкін емес. Сондықтан да,өскелең өнер кәсібіміз тау-кен өндірісінде жеделдете дамытып, ондағы еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді.Минералдық шикізат өнімінің деңгейін өсіре түсу, тау-кен өндірісін ғылыммен техника талапы тұрғысында кен қазудың озық технологиясың үнемі іздестіруде, өндірістік негізгі процестерге пәрменділігі жоғары еңбек өнімділігін арттырып, ауыр жұмысты жеңілдететін маркшейдерлік құралдарда әрдайым жетілдіріп, өндіріске енгізіп отыуды талап етеді. Кен қазу жүйелерінің конструкциялық элементтерін өзгертуге себепкер болатын негізгі технологиялық процестерге пайдаланатын жабдықтардың артықшылығы техника-экономикалық тұрғыдан есептеліп, сараптану нәтижелерінде қабылайтын инженерлік бірден-бір дұрыс шешімге негіз болмақ. Жобаланатын кеніш, ”Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның қарамағында және кең байтақ республикамыздың мыс өндірісінің шикізатпен жабдықтаушысы болып табылады.
1 ГЕОЛОГИЯ
1.1Географиялық жағдайлар
Жезқазған Кен орны Орталық Қазақстанның оңтүстік батысында Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Кен орнының аумағы 20 км2 және 67°22 - 67°32 шығыстық байлық және 47°50 - 47°55 солтүстік ендікте жатыр.
Жезқазған кен орны темір жолдармен Жарық, Жезқазған, Сәтбаев, Жезді қалашығымен байланысқан.Ауданының климаты континенттік шөлейтті және құрғақ далаға тән. Қаңтар-ақпан айларының төменгі температурасы –41 –42, шілде-тамыз айларында +38 +48 С. Орташа жылдық ылғалдылық 120 - 200 мм болады. Топырақтың мұздау тереңдігі 2 м-ге жетеді. Шығыс, солтүстік-шығыс, солтүстік бағыттағы жел басым. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/с-ке тең.Гидрографиялық торабы нашар дамыған, кішірек өзендерінің режимі жыл мезгілімен тығыз байланысты. Сейсмикалық жағынан тұрақты, жер сілкіну 6 баллға дейін болуы мүмкін. Кен орын орналасқан жерде өсімдік қабаты өт жұқа.АҚ “Қазақмыс” кәсіпорындары екі негізгі алаңда орналасқан:
1) жер асты және ашық әдіспен кеніштер, қызмет көрсетуші кәсіп орындар, №3 байыту фабрикасы орналасқан алаң;
2) кеніш алаңынан 20 км қашықтықта орналасқан Жезқазған қаласы. Алаңда №1 және №2 байыту фабрикалары, мыс қорыту зауыты, ЖЭО, қоймалар, базалар және басқа қызмет көрсетуші кәсіп орындар бар. Жезқазған және кеніш алаңдары өзара темір жол және автомобиль жолдарымен байланысқан.
1.2 Кен орның сипаттамасы
Жезқазған кен орнының геологиялық құрамында жасы және литологиялық құрылымында алуан түрлі жыныстар кездеседі. Бұларға қоса көптеген кенді және кенсіз пайдалы кендерде кездеседі. Қуаты 630-680м. Жезқазғандық біріккен жыныстар бөлімі бірі-бірімен араласып келген қызыл және сұр түсті құм тастармен алевролиттерден тұрады.Жезқазған бөлімінде төменде көрсетілген нөкерлер жоғарыдан төменге қарай бөлінеді:
1. Жиделісай қуаты 360м., көлбеу қатарлары қызыл құм тастармен алевролиттерден тұрады(Р1gd);
2. Жезқазғандық қызыл және сұр құмтастармен жеке бағынышты болып келген алевролиттер мен конгломераттрдан тұрады (С3dz)
3.Тасқұдың қызыл құмтастармен алевролиттермен қатпарлы келген ізбестастардан тұрады.
Өнеркәсіптік кеннің барлық кен сілемі. Жезқазған сұр құмтастар қатпарлы жалғасады. Жезқазған 9 кенді горизонт қабатының жетілуі осы шахта алабының құрамында кездеседі. Әр кендік қабаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Әр кендік қабат екі және оданда көп қыртысты қызыл және сұр құмтастармен, алевролиттерден тұрады.
Ақшилік горизонта (С3ақ). Крестовскийлік(С3кг). Жоғары раймунд (С3rm). Орташалық раимунд және кендік өркен,қуаты 30-40м. Жеті қабаттың қуаты 100 м. Шамасында әркендік қабат екі және оданда көп қыртысты қызыл және сұр құмтастармен алевролиттерден тұрады .
Жезқазған кен сілемі үш структуралық алыптың қиылысында орналасқан. Кенгір, Жаңасай және жыланды. Жезказғанның мұнда жынысты кен сілемі екі бөлінеді: төменгі тас құдық және жоғарғы Жезқазған. Төменгі тас құдық 257м. және ол 16 қызыл және сұр құмтас қатпарларынан тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Түймебай тәуіп


(этнографиялық әңгіме)

Әбітай төсекте сұлық жатады. Бұл бір тыншыған кезі. әйтпесе ояу болса, екі жағынан екі кісі қолын басып отырады. Босанса тұра қашады. Ондай жағдайда жолында не тұрса да қаймықпайды, соғып өтеді. Бірде жанында отырған әйелдердің шамасы келмей қалып, тұра қашып, ұста дүкенінің алдында жатқан, арбаның шенін тартатын диірмен тасты сүзіп жатқанда ұстап алдық. Ол кезде кіресілі-шығасылы есі бар болатын. Есі бір кіріп кеткенде, мені құшақтап «Балбақ, мен қор болдым-ау», — деп жылап жібергенде сай-сүйегім сырқырады. He дейін, «Әлі-ақ жазылып кетесің». — деп жұбатқан болдым.

Әйелдер демекші, ұлы Отан соғысы жүріп жатқан қырық төртінші жылдың қысында оның жанына отырғызатын еркек табылмайды. Күші күн асқан сайын тебіндеп-кернеп келе жатқан он алты жасар жас жігітке әйелдердің әлі жетуі қиын. Әйелдерді отырғызғандағы амалымыздың аяғы жоғарыдағы, екі әйелді екі сілкіп, қашып кетеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай табиғи өсудің күрт кеміп, сыртқы миграцияның артуы мен жекелеген аумақтардағы еңбек нарқында жұмыс күшінің жетіспеуімен немесе керісінше жұмыссыздықтың белең алуы мен ерекшеленеді.
Еліміздің аумағында 120 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратындықтан демографиялық жағдай тереңнен жан-жақты ойланып шешуді қажет ететін түйінді мәселелердің бірі болып қалуда. /1/
Тақырыптың өзектілігі: Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи өсуін, жастық-жыныстық құрамын еңбек қорларын тиімді пайдалану мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- демографиялық үрдістерді зерттеудің экономикалық және әлеуметтік географиялық негіздерін анықтау;
- Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелеріне талдау жасау;
- еліміздегі демографиялық үрдістердің даму болашағы мен оған әсер ететін факторларды айқындау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Оқу құралдары хикаясы

Педагог оқу іс - әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды:
Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың үясы. (Мектеп)
Ұшымен қазық торкөзді жазық
Үстінен өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін балаларға не қажет деп ойлайсыңдар? Ендеше бүгінгі тақырып «Оқу құралдары хикаясы».
Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру.
- Жанатбек биыл қайда барады?
- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?
- Жанатбек дәптерді қалай былғады?
- Қалам, дәптерлер неге ренжісті?
- Атасы немересін қайда апарды?
- Мұғалім Жанатбекке не берді?
- Жанатбек кітаптарды қайда салды?
- Кітап достарына қандай ақыл айтты?
- Кітаптың айтқаны дұрыс па?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?
Сергіту сәті: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған

Мақсаты:
1. Балалар 5 санына дейін тура, кері санауға көрші сандарды таба білуге, геометриялық. пішіндермен таныстыру.
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнектілігі: Сандар, аңдар суреті
Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі
Балалар біз бүгін орманға саяхат жасаймыз.
Саяхатқа барамыз
Дорбамызды аламыз
Ей бұл кім?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.
Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:
- мұнай-газ білінуін ескерту;
- мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;
- ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.
Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады.
Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін.
Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса.
Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.....
Рефераттар
Толық
0 0