Баяндама: Кембридж тәсілімен тәжірибелік зерттеу сабағым жайлы

Мен тізбектелген зерттеу сабақтарымды өзім класс жетекшілік ететін 8 «В» сыныбына өткіздім. Класта 25 оқушы бар, оның ішінде 13 ұл бала, 12 қыз бала. Сыныптың психологиялық ахуалы жақсы, сондықтан сабақтар топтамасын жасауда қиындық болмады. Сабақтарды өткізбес бұрын оқушылардың деңгейін анықтау, топтағы жетекшілерді білу мақсатында және оқу мен пәнге деген қызығушылығын анықтау үшін мектеп психологымен оқушылардан сауалнамалар алып, қорытынды жасадым. Қорыта кетсем, логикалық деңгейлеріне байланысты алған сауалнамаларда 10 сұраққа дұрыс.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Бұлшық ет

Жоспары:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Бұлшық ет тканіне сипаттама
2.Қаңқа және жүрек бұлшық тіндерінің регенерациясы
3.Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі
III.Қорытынды.
IV.Қолданаылған әдібиеттер тізімі;
V.Бағалау парағы.



КІРІСПЕ
Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі,басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сему атрофия

Сему, атрофия (грекше atropheo — ашығу, сему) — организмдегі белгілі бір орган немесе тін қызметінің бұзылуынан олардың көлемінің кішіреюі. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлері бар.

Физиологиялық сему адамның жасына байланысты. Мысалы, жаңа туған нәрестелерде — кіндік қан тамырларының семуінен кіндігі түседі; жасөспірімдерде 13 — 15 жас аралығында айырша бездің (тимус) қызметінің тоқтауына байланысты ол семіп қалады. Ал қарт адамдардың терісі жұқарып, әжім пайда болады; сүйектері жұқарып, морт сынғыш келеді; ішкі секреция бездерінің қызметтері төмендейді.

Патологиялық cему белгілі бір аурудың салдарынан дамиды. Оның 2 түрі бар: 1) жалпы cему қатерлі ісіктердің, жүйке және эндокрин жүйелері ауруларының, аштықтың салдарынан болады. Бұл кезде организм өз салмағының 40 — 50%-ын жоғалтып, адам көтерем болып қалады. Тері асты торларында, шарбыда, шажырқайда май қоры мүлдем жойылып, тері жұқарып, қатпарланып, қоңырқай тартады. Ішкі органдардың көлемі кішірейеді, ауру адамда тек тері мен сүйек қана қалғандай көрінеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Елеместің адамгершілігі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары қалмаған жетім балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық жол шығады. Осы жерде таста қашалған сөздер бар екен. Онда екі бағыт көрсетілген: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары.....
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді көгілдір,
Жыл құстары сайрады.
Қар еріді, қыс кетті,
Жауқазындар көктеді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Корпоративтік журналистика

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді:
1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Басқару қызметтерін ұйымдастыру

Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0