Бұл дәрінің құрамында сарымсақ, лимон, жанжабіл және су бар. Оны Германияда ойлап тапқан. 3 қарапайым тағамның қосындысының сіздің денсаулығыңызға пайдасы мол. Ал ең бастысы бұл сусын артерия тығындалған кезде, қандағы холестирин мөлшері көбейгенде, салқын тигенде көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар шаршағаныңызды басып, инфекциялық аурулардың алдын алады. Иммундық жүйені де жақсартып, ағзаңызды тазартады.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні Сабақ тақырыбы:Қалаға саяхат (4-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады Көптеген оқушылар: сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады Кейбір оқушылар: сөз тіркестері/ сыөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс еркін қолданады....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік туралы жазу үшін ақпараттар. (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Мұғалімнің, оқушылардың көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біліп, саналы қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Кейбір оқушылар: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде қолданады.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Сабақтың тақырыбы: № 4 сабақ. Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Негізгі ойды анықтау Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; ӘТН 2 Орфоэпиялық норма Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:1) тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды түсінеді; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі; Көптеген оқушылар: 1) жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді; Кейбір оқушылар: 1) мәтіннің негізгі ойын өз бетінше анықтайды; 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы үндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі......
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. Сабақтың мақсаты: Мәтіндермен жұмыс істей отырып, тақырыбын, тідік ерекшеліктерін, мазмұндарын салыстыруға үйрену.....
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.
Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа .....
Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.
Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүреді. Күйеулерімен жиі ренжісіп қалатын құрбылары:
– Құрбым, сенің күйеуіңнің мінезі бізге мәлім. Соған қарамастан тату-тәтті өмір сүрулеріңнің сыры неде? – деп сұрайды.
Сонда әйел:
– Үйдегі реніш, ұрыс-керіске өздерің кінәлісіңдер. Жұбайларың сәл ашулана қалса сендер оған жауап қайтаруға дайын тұрасыңдар. Күйеуім ашуланып жатса ол кінәлі болса да үндемеймін. Сол сәтте Алладан оның жүрегіне сабырлық пен мейірімділік беруін тілеймін. Менің үндемегенімді көріп ол да сабасына түседі. Біздің бақытты болуымыздың сыры осы ғана, – деп жауап береді.......
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды, тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек, ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де мміле сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептілік көрсеткіштен аспауы керек. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді. Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлері жүзеге асырады. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады. Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техноогиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. ....