Инсульт – мидағы қан тамырларының қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Оның әсерінен мидың қан тамыршалары бітеледі, ал бұл қанның ұюына әкеп соқтырады. Жыл сайын миға қан құйылуы салдарынан миллиондаған адам қаза табады. Инсульт алған адамды дереу құтқармаса, салданып (паралич) қалуы мүмкін. Және құтқаруға сіздің үш-ақ сағат уақытыңыз бар.
Бүгінгі жазбамыздан инсульттің алғашқы белгілерімен таныс боласыздар. Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады. ......
Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойып (1996ж), 1997 жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт» туралы заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз. ....
Шығыс жекпе-жектері, Азия құрлығында өмір сүрген әртүрлі халықтар қашаннан бір-бірімен мидай араласып келеді. Бұл олардың арасындағы дене тәрбиесі мен спортта да анық байқалады. Ондағы ерекшелік Азия халықтарының тен жаттығуларында ұқсастық тамырларындағы біртектілік. Бұлардың барлықтары да денсаулықты сақтау мен қорғау, өз отандарының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, жауынгерлік дайындық ретінде дүниеге келген. Жалпы шығыс жекпе-жектерінің мынадай негізгі көздер біріктіреді. Оның негізін Оңт.-шығыс халықтарында дао философиясы, Инь-Ян күштерінің біртұтастығы (ағаш, от, жер, металл, су) өзара байланысы; йога-дене мен рух күшінің бірлігі оған психотерапиялық әсер ету; дала халықтарында бостандыққа, кеңдікке деген құштарлық құрайды. Шығыс Жекпе-жектерін осылайша жіктеу оны меңгеру үшін қажет. Мұнда мынадай қағиданы есте сақтау қажет: әдістерді үйренуге 6 ай, дене тәрбиесі ретінде білуге 2 жыл, мәдениет деп бойға сіңірген бүкіл ғүмыр қажет дегенді ескерген жөн. ....
Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз. Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді . Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері) Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам! Бар әдемі үш көзім, .....
Жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасының халқы және ұлттық құрамы қандай? Қытай халқының жас және жыныстық құрамындағы ерекшелігі қандай? Қытай халқының өсуі мен кемуі туралы не білеміз? Қытай халқының тұрмыс салты мен мәдениеті қандай? Қытай халқының қазіргі демографиялық мәселелерін қарастыру? Қытай халқының өсуі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері? Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді. 1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды. Қытай тілінің көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал диалектілер – юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо және қазақ тілдері. Қытайдың қазіргі демографиялық саясаты. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн қарқын ала бастады. Өйткенi, әлемнiң алып күштерi үшiн «бос кеңiстiк» саналатын жерден өз үлесiн алып қалу керек болды. Бұл үшiн Қытайдың көптеген себептерi бар: 1) Экономикасының қарқынды дамуы шикiзат пен отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жiбердi; 2) Мамандардың болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмiр сүруiн қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан асады деп күтiлуде. Сонымен бiрге бұған «бiр жанұяға – бiр бала» саясатына қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да асып түсетiнi анық. Қытайдан келетiн қауiптiң iшiнен, әсiресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердiң арасындағы табиғаттың өзi реттеп отыратын сандық тепе-теңдiктiң бұзылу процесiне жұрт назарын баса аударғым келедi. Әулеттiң мұрагерлерiн ерлер жағынан қуалайтын дәстүрге берiк қытайлар бiр баланың ұл бала болуына айрықша мүдделiлiк танытуда. Нәтижесiнде, ұл бала көбейiп, қыз бала азайып барады. Зәрулiк туылған жерде адамдар тәсiлқой, амалшыл келедi ....
Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру. Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді. Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті. Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет. Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: 2-сабақ. Сөз құрамы.Бәйтерек туралы аңыз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: - жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады; Оқушылардың көбі: - тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады; Оқушылардың кейбірі: - сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; - тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 4-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы 8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді......
Рысбек Батыр (1709, Шығыс Қаратау, Шұбарағаш мекені, қазіргі Рысбек батыр ауылы – 18 ғ. соңы, Манкент ауылы ) – Оңтүстік Қазақстан, Талас, Жетісу өлкесін жоңғар басқыншыларынан азат ету жорықтарына белсене қатысқан батыр-қолбасы. Әкесі Шінет батыр, атасы Қарабатыр қолбасымен бірге 1726 жылдары Ордабасы тауында өткен жиыннан кейін Қаратау, Талас жерін тазарту жорықтарында Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, .....
Бұрынғы өткен заманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да басында бір қайғы болыпты.
Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан халқын жинатып, ақ бата алып, қажыға жүреді. Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ілініп кетсе, түсінде үш пері келіп: «Хан, басыңды көтер, еліңе қайт, барғаннан кейін әйелің екіқабат болады!» – дейді де ғайып болады.
Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін, кіші әйелі жүкті болады. Бір ұл табады, хан ұлдың атын Пырақ қояды......