Ерте заманда бір бай баласы мен хан баласы жолдас болады. Күндерде бір күні екеуі аңға шығады. Келе жатқанда бай баласының ойына бір арамдық түседі.
«Мен мұнан гөрі батырмын, неге осыған бағынамын. Хан баласымын деп, мені ауыр жұмыстарға жұмсайды. Мұны өлтірейін де, ат-тұрманын олжа қылайын», – деген ойға келеді.
Бір азырақ жүріп, бір белестен асып түскеннен кейін хан баласына бай баласы:
— Ал, достым, ажалың жетті,– дейді. Хан баласы сасып қалып, жан-жағына қарайды.......
Бұл әңгіме маған сондай ыстық. Арада жиырма бес жылдай уақыт өтсе де ешқайда жариялай қоймаппын. Балалық шақтың бақытты да бал күндері өткен Алтайдағы әйгілі Қызбейіт жайлауы — ол туралы айтыла салатын аңыз әңгіме арқауы осы бір шағын шығарманың дүниеге келуіне себепші болып еді...
Кейде жазушыларға оқырман “Шығарма қалай туады?” деп сауал қойып жатады. Қызбейіт жайлауы аңызы — осы бір әңгіменің жоралғысы. Ал бірақ бұл аңызға бергісіз әңгіме уақыт өте келе ой-қиялыма тереңнен ұя салып, жан-дүниемді жаңаша толқыта түсіп, “Алтай балладасы” (Алтайдың алқызыл модағайы) романының тууына жол ашты.
Бұған оқырман түгілі өзім де қайран қалам!
Автор.
Аю мұрнын желге беріп, жас күлімсі иісті сезініп тұр. Маңай қалың қарағай мен шырша. Іңір қараңғылығы енді түскен шақ. Ауа дымқыл. Төңірек тыныштыққа иіген. Сәл самал желмен тербелген биік тау шөбі, шыршалардың теңселген ұшар басы мен ұшқаттың ұсақ жапырақтары қосылып ақырын ғана сыбдырлайды.
Әбден күшіне келіп толысқан еркек қоңыр аю екі аяғымен түрегеліп, тағы да тереңнен тыныс ала иіскеді. Иістің жақын маңда екенін сезінді. Қалың шөпті жапырып, анда-санда басын көтере иіскеп қойып жүріп келеді. Алаңқайға шықты. Алдында биіктеу біткен жалаңаш төбе. Иіс сап тыйылған. Аю екі аяғымен адамша тік тұра қалып, тіміскілей тағы иіскеді. Олай-былай тік жүріп те көрді, бірақ аюдың құмарын қоздырған тұщынарлық иіс сезілген жоқ. Ол қарағай, шыршасыз етекті сипар шөп басқан жалаңаш төбе басына көтерілді. Бір отар қой сыярлық төбе басында қарағайдан қиып салынған зират қарауыта қалған. Аю сескеніп қалды. Бұл қайдан пайда болған дегендей жанарын тігіп тұр. Көзіне қарай түскен шашын самал желпіп өтті. Мұрнына танауын жарған күлімсі тағы келді. Тұмсығымен тұщына иіскеді. Күлімсі иіспен бірге мұның зәресі ұша қорқатын екі аяқтылардың да иісі келгендей. Сол-ақ екен тұла бойын түсініксіз бір қорқыныш билеп өткен. Сонда да орнынан қозғала қойған жоқ. Ет жүректі емес пе, орман тағысы жойдасыз табанын басайын десе – жүрегі шыдамай, жалт беріп кетейін десе – күлімсі иісті көңілі қимай тұра берді...
Аздан соң төрт құлағы қалқиған бейітке де, одан шыққан иіске де, тіпті жалаңаш төбені қоршаған қалың орманға да бойы үйренгендей болған. .....
- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.
Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.
Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ. Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін. Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.....
• Сабақтағы диалогтық әңгіменің оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету; • Диалогтық әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау; • Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау Өзектілігі: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу Зерттеу мақсаты: Сабақта диалогтық әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету Зерттеу объектісі: Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары .....
1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.
Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет.......
✅ Әтір таңдау тәсілдері. Қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы керек. Оларды кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіе сай қолданады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат әтіріңіздің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенім жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз. әтір таңдау тәсілдері
✅ Алайда ондай мүмкіндік бола бермейді, ондайда өзіңіз ажыратып үйреніңіз:
✅ Қорабы Қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер “жасанды бәсекелестерден” сақтанып целлофанмен қаптамайтын болған, ондайда картон сапасын қарай аласыз. ......
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі. Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1]. Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.....