Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Кіріспе Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның әлеуметтік рөлі, бәрінен бұрын, еңбек бостандығын, түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру және қолдану өрісіндегі негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялаған Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабымен анықталады. Әлемдік практикада еңбек шарты еңбек бостандығын жүзеге асырудың жалпы мойындалған және ең жақсы заңдық формасы болып табылады, оның шеңберінде, бір жағынан - әркімге өзінің деген ынтасымен қабілетін жүзеге асыруына, екінші жағынан – жұмыс берушінің өз өндірісінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес өзінің жұмысшы күніне деген сұранышын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Құқықтық мемлекет жағдайында еңбек қатынастарындағы заңдылықты, құқықтық тәртіптілікті және еңбек құқықтары мен азаматтардың міндеттерін құқық қағидаларына сүйене отырып, дамыту керек. Себебі, құқықтық мемлекет деген түсініктің өзі еңбек қатынастарында азаматтарға мейлінше құқықтар мен бостандықтар беруге итермелейді. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген. Осы Конституцияның 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.....
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Кіріспе Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай – ақ тағы бір атқаратын міндеті, ол әрбір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған. Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды. Электр және магнит тізбектерін шешудегі теориялық мәселелері мен қатар практикалық электр техникасында электр магниттік өрістерді есептеу жайындағы мәселелері де алдыға қойды. Электр машинасының тетіктерін және электр магниттік аппараттарды құрастыру үшін магнит өрістерін есептеу қажет болды. Ток өткізгіштерін тұрғылықты түрде изоляциялау үшін оқшаулаушы материалдарды табу керек болды және электр өрісін есептеу мақсаты да алдыға қойылды.....
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу. Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер. Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану. Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау. Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.
Армысың, қайырымды Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана Армысың алтын күн! Қайырлы таң, қайырлы күн Армысың достарым Армысың қонақтар Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.
Ой жаттығуы: - Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі. Шашылған жапырақтың құпиясын ашу. Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту. - Ол жәндік - Табиғатқа зиянын келтіреді - Өзіне тән ерекше дыбысы бар - Ұшады, әрі секіреді ол не? (Шегіртке) .....
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұмат. Біз қайсыбір медициналық жетістіктерді ғылыми тұрғыдан және оның тарихын зерттегенде біздің дәуірімізге дейінгі VI — V ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократтан бастаймыз. Деректерге қарағанда, Гиппократ бауыр аурулары түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқан білген. Біздің жаңа жыл санауымыздың II ғасырымызда өмір сүрген римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп, жазған. Сонымен қатар бірінші рет ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген де осы Гален болған. XV ғасырда өмір сүрген Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттей келе тарихта бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшеліктерін жазған. Кейін бсы елдің ғалымы Андреас Везалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары гуралы жаза келіп. бауыр шеменінің арақ — шарап ішуге, маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеп берген. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшынның белгілі ғалым — дәрігері ("екінші Гиппократ") Томас Сиденгам сары аурудың жукпалы екенін алғаш рет дәлелдеп жазған. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің белгілі ғалым-терапевті С.П.Боткин осы бауыр қабынуының жұқпалы қатаң түрі кейін оның созылмалы түріне айналуы мүмкін екенін болжаған болатын. Оның қызметіне кейін жұқпалы сары ауруды, яғни бауырдың жұқпалы вирустармен қабынуын "Боткин ауруы" деп атайтын болды. ....
Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі: Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар, ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар. Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы мынадай түрде болады: Шағын топ,шартты топ, нақты топтардағы, ресми топтарға, бейресми топтар, әлсіз дамыған топтар,дамуы жоғары топтар,диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу), ұжым, референттік топтар, референттік емес топтар Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық. Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол. Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған. Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістерді ң қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады. ....
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат Сабақ тақырыбы: Тірі ағзаларды зерттейміз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек: • Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Оқушылардың көбі жасай алады: • Берілген ақпаратты оқып, мазмұнын айтады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Ауыз әдебиеттің жанрын анықтайды......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.....