Бір жолаушы ұзақ сапар шегіп, әлден уақытта иен далаға шығыпты. Күн төбеден ауып, бесін шамасы болған кезде, соңынан бір қасқыр ілесіпті. Кеш батып, күн ұясына тақай бастағанда, әлгі қасқыр бір-екі рет боздай ұлып, дыбыс берген екен, әп-сәтте жан-жақтан бір үйір қасқыр жиналып қалыпты. Жолаушы қатердің төнгенін сезеді де айналасына көз тастайды. Қараса, көз ұшынан қарайған ағаштың сұлбасы ......
Біздің Жазушылар одағымыздың бірінші бастығы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин айтты:
— Шераға, жолға дайындалыңыз, Парижге барасыз, — деді.
— Е, онда не болады екен?
— Шыңғыс Айтматовтың жетпіс жасқа толуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында, ЮНЕСКО үлкен салтанаты симпозиум өткізеді. Соған барамыз. Қазақстаннан үш адам. Мен, Сіз және Қадыр Мырза Әли. Сонда бес-жеті минөттік сөз сөйлейсіз. Бірақ орысша дайындаңыз.
— Е, неге?
Өйткені Парижде қазақшадан французшаға аударатын тәржімашы жоқ.
Уақыты тым аз. Наурыз мейрамы өте салысымен, жиырма төртінде ұшуымыз керек.
- Тез құжаттарыңызды, екі суретіңізді еткізіңіз, — деп нығыздады Нұрлан мырза.
Айтты болды — орындау керек.
Құжат тапсыру қиын емес, ал сөзді қайттім? Өзіміздің Жазушылар одағының мінбесінен айта салатын сөз емес. Көз алдыма елестеттім: Париж. Салтанатты сарай. Дүние жүзінін түкпір - түкпірінен жиналған марқасқа жазушылар. Қарасы бар, ағы бар, сарысы бар. Шетінен сайрап тұр. Ал мен не айтамын? Және орысша.
Қиналған жерім осы болды. Бес-он минуттік сезді бес толғап әрең жаздым. Орысшадан соншалықты сорлы да емеспін. Бірақ өмір бойы қазақша жазып дағдыланған басым, орысшаға тосырқап қаламын.
Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.
Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.
Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.
Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.
Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
КІРІСПЕ Зертеу жұмысының көкейкестілігіне Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер қазіргі ұрпақ, патроттық тәрбие бергені үшін ата- бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек. Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезхінде анық байқалып отырады. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына, оныңөһркендеп жетілуіне ұлттық салт- дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді. Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға қарайды. Бұны олардың іс - әрекеттерінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолғам түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіне мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба? ....
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2005 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды. ....
Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Әдеттеріңіз қандай, саралап көріңіз. Себебі, әдет кедейлікке де әбден алып келе алады.
1. Өз өзін аяушылық Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу — тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз.
2. Сараңдық «Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату — кедейлік жолындағы екінші әдет. Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды. ......
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин Тіршілік . Табиғат заңдылығы. Дүниеге шыр етіп сәби келді. Өзін ғана емес, бойында қазақ қанын, қазақ тілін ала келді, себебі ұлты қазақ. Айналаға шолу жасап, іңгәлап жылып, тәп – тәтті күлкісімен тамсандырып, еңбектеп, артынша жүріп, ержетіп келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша балабақшаға барып,......
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады: Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»). әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).....
Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қаруларлық бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы. таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл кетерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей озінің осерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тірішлігін мүлде тоқтату мүмкін. Биолгиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін: - адамдарды зақымдау үшін - түйнек, обз, нағыз Шешек, туляремия, сан, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулипикалық токсин; - жануарларды зақымдау үшін - аусыл оба сан, түйнек және т.б.; өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотоқтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б. Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді I шірітетін синтетакалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі. ....