Кестелеу-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Қолмен кестелеп, өрнек салу-өте көне заманнан қолданылып келеді. Кестелеп, өрнек салу-мата бетіне әшекейлеп безендіру. Кестелеуге әр түрлі маталар және әр түрлі жіптер пайдаланылады. Кесте тігудің негізгі құралы-кергіштер. Матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды. Кергіштерде бірінің ішіне біріктіретін екі дөңгелектен болады. Оны ағаштан, пластмасссадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер-мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар......
Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік - Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
Осы кезде кім ғаріп, Бірлігі жоқ ел ғаріп. Еркімен ел .....
Ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. "Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған......
Тұрап Айдаров (20 қараша 1933 жылы Келес ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ауылда туылған – 7 наурыз 1994 жылы Ташкент қаласында қайтыс болды) – ақын, ғалым. Филология ғылымдарының доктары (1982), профессор (1985). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. [1] 1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. [2]Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975), .....
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа ұсынса, жезтырнақ семсердің ұшын «тырс» еткізіп кесіп, бауырмен бірге алып қалады. Бұдан Боран батыр титтей де сескенбейді. Саптама етігінің......
Бұрынғы уақытта бір Шора батыр деген бопты дейді. Бұл Шора батыр өзі бай екен, өзі мерген екен, өзі сондай сауық құрып жүретін адам екен. Бірақ та басқа кішкене тапшы болса керек. Бұл адам жылына, я болмаса, екі жылда бір рет ылғи мергендікпен сауық құрып, бірнеше жолдасымен ел бармаған, жұрт бармаған жерге кетеді екен. Тоғайға, тауға барып аң аулап, бір ай, екі ай, болмаса, үш айға дейін далада жүріп қайтады екен.......
Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап қостан шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.
Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол жуан торы аттың шылбырын беліне қыстырып, енді үзеңгіге аяғын сала бергенде арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды кеспелтек денесін шапшаң бұрып сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.
Бекбол ерге қонбай, торы атты сулығынан тартып, сол жүргінші келе жатқан жаққа бұрды да, ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап тосып қалды.
Әлі алакөлеңке айыққан жоқ, сондықтан жүргіншінің кім екенін дәлдеп тани алмап еді.
— Мынау кім өзі? — деп жас жолдасына қарады.
Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. Ол да бүркіт ұстаған бойымен бұрылып сырт қарады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жігіттің бет ажарында тау күніне күйген қою қызыл бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді. Жәнібекке де ең әуелі жолаушы атының қасқасы жарқ етті. Аңшылар тобы жайлаған бұл маңай қазір де елсіз. Колхоз фермасы болса бұл жайлаудан көшіп кеткен. "Октябрь" колхозы бұл маңға жалғыз осы үш үйлі аңшылар бригадасын ғана қалдырып кеткен еді... Соңғы он шақты күн ішінде бұл бригадаға оқта-текте келетін кісі болса, ол сол өздерінің колхозынан қатынасатын кісілер еді. Бірақ колхозға қараған жылқының ішінде некен-саяқ төбел немесе ақтанау, болмаса мынадай маңғыл қасқа жылқы жоқ болатын. Алакөлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты ең жас аңшыны да таң қалдырды.
Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Дипломдың жұмыстың негізгі мақсаты облыс шаруашылығына сипаттама бере отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайын қарастыру. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады. Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері-43,3%, металлургия өнеркәсібі-14,5 %,минералдық өнімдер-17,2 %,мал және өсімдік өнімдері-17,3 %,химия өнімдері-4,3 %.Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері -18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қаазсқатн облысының индустриалды-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен ....
Ақпараттық жүйелер(АЖ) – экономикалық объектні басқаруга қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ – ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады: - экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық корсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен; - мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен; - уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен; - уақытша іс тәртібімен әкімдік–үйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен. Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саңы қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі: - басқару объектісінің сипатымен; - АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен; - басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен; - мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен; - АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б. АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе. Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат. Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi. АЖ-ның келесi есебi –шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.....