Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Кіріспе
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық негіздері | Құқықтық мемлекет

Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықытық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық , саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тіршілік қуіпсіздігі | Жалпы инфекциялық аурулар жайында

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Семей ядролық полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн-ға жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлумет қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары: Берілген мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу, сұрақтар құрастырып, жауап беру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нағыз дос (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: Нағыз дос
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: мәліметтерді жинақтайды, оқиғаларды сипаттайды, ойларын жеткізе алады.
Көптеген оқушылар:
Оқушылардың көбі мәліметтерді қолдана алады, өз ойларын әсерлі жеткізеді, бағалайды
Кейбір оқушылар:
Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Чуйков Егор Сергеевич

Чуйков Егор Сергеевич (1915, Алматы облысы КерБұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылы - 18. 5.1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. Украин. Орта мектептен кейін ұжымшарда жұмыс істеді. 1937 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. 1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз аралығында Хасан көлінде болған қақтығыстарға қатысты. Осы соғыстағы ерліктері үшін Чуйковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетикалық карталар

Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Лев Толстой | Помещиктің сәскесі

I

Князь Нехлюдов жазғы демалысын деревняда жалғыз өткізген бір жылы университеттің үш-ақ курсын бітірген он тоғыз жасар жігіт еді. Күз түсе, жазуға төселмеген шорқақ қолмен нағашы апасы графиня Белорецкаяға сәлем хат жолдады. Әу бастан ол апасын жақын дос, жалғыз жанашыры ретінде әлемдегі ең ақылды әйелдердің санатына қосатын. Француз тілінде жазылған хаттың тәржімесі мынадай:

"Айналайын апатай!

Ендігі өмір - тағдырыма арқау боларлық бір тоқтамға келгендеймін. Мен университетті тастап, қалған ғұмырымды деревняда өткізуге бекіндім, өйткені, әу бастан-ақ сол үшін дүниеге келгенімді енді сезгендеймін. Құдай ақына, жаным апа, маған күле көрмеңіз. Жассың ғой дерсіз, мүмкін, мен әлі бала шығармын, бірақ бүл жайт өз ынта - бейімімді тануыма кедергі болмаса керек, өзгеге жақсылық жасасам деген ықыласымды кемітпесе керек. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық
0 0