Абдукция (лат. abductio — сыртқа серпу, алыстату) — адам мен жануарлардың омыртқа бағаналарының бойын бойлай бастан кұйрыққа дейін өтіп, олардың денелерін арқадан құрсаққақарай тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. cagitta — жебе) жазықтықтан дененің оң жағына немесе сол жағына сыртқа қарай бағытталған қозғалыс. Аталған қозғалысты іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "абдукторлар" деп атайды......
Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:
— Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және ең үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз,- дейді. Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білім сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді: .....
Жақсы көру деген бір ұлы қасиет бар. Бұл сезім әйел адам мен ер адам арасында пайда болады. «Махаббат, жақсы көру дегеніміз не?» деген сұрақты қойсақ барлығы өзгеше етіп айтып берер еді. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын (адамзатты) жақсы көру. Және жеке біреуді жақсы көру, сол адам үшін барлық жақсылық жасау, қолымыздағын беру шынайы махаббат сезімі болса керек. Бала дүниеге келгенде ата-анасының махаббатына бөленеді. Есейгенде бір адамды кездестіреді, ғашық болады, кейде жүрегін жаралайтын сезімге дұшар болады. Махаббат әрі мейірімді, әрі қатал болып келеді. Кейде адам ғашық екенін сезбей де қалады. Немесе жауапсыз (безответная) махаббат сезіміне дұшар болады. Махаббат сезімі мыңдаған адамдардың жүрегін жаралаған, қаншама адам махаббат үшін күресте өмірімен қоштасқан (әдеби шығармалар, тарихи оқиғаларға сүйенсек). Бірақ, сонда да, махаббат туралы айтылған әндер, даналар сөзі, мақалдар, өлеңдер т.б. көп кездеседі. Қаншама атақты жазушылар бұл нәзік сезім туралы өлеңдер жазған десеңізші.
….. Біз өмірімізде әр түрлі адамдарды кездестіреміз. Балалық шағымызда тіпті балабақшада жүргенде біреуіне ғашық болып қаламыз. Есейгенде біздің бір адамға сүйіспеншілігіміз пайда болады, кейнірек болса арта түседі. Өмірімдегі жалғызымды таптым деп ойлаймыз, кейде қателесуіміз де мүмкін. Біреулер бір көргеннен ғашық болса, екіншілерге біршама уақыт керек болады. Басқалар болса өзінің махаббатын тым кеш кездестіреді. «Махаббат адам жасына қарамайды» - деп бекер айтпаған болса керек. Кейде жасы жеткен адамдар арасындағы нәзік сезімге күә боламыз. Киноларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал өмірімізде солай бола ма? Біздің өміріміз құпия мен сырларға, күтілмеген жағдайларға толы болады ғой...
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:
— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:
— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді.
— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.
Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде. Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Апелляциялық сатыда іс жүргізу» тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтаған сот барлық тұлғаларға жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді, ол бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдері қайта қарауға негіз болады. Бұл заңмен бекітілген бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Аталған әдістердің біреуіне – апелляциялық өндіріс жатады. Апелляция институты дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция ұйғарымдары мен шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істің мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы. Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз – заңды күшіне енбеген бірінші инстанция сотының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қаралуы тиіс. Осы тақырыпқа байланысты негізгі әдебиет З.Х.Баймолдинаның ҚР- ның азаматтық іс жүргізу құқығы. ....
Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек. Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып, ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады. Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн. Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.......
Бір күні ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатима әкесінен сұрайды: - Әкетай! Дүние жүзінде ең бірінші жұмаққа кіретін кім? - Анау төменгі ауылда, пәлен үйде тұратын бір кісі бар. Бірінші жұмаққа кіретін сол.
Хазреті Фатима бұл кісіні көруге құмартады. Айтқан үйге барып, есікті қағады. Арғы жақта қартайған бір әйел кісінің дауысы шығады: - Бұл кім екен? - Мен ғой, Фатима. Хазреті Пайғамбардың қызы Фатима. ......
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге,адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туғанжеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. (Күй әуені күмбірлеп тұр) Көрініс Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын! Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпін таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық! .....
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы « Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда. Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады. Біздің «Қоршаған орта және адам денсаулығы» тақырыбын алуымыздағы басты мақсат болып қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянын келтіретін пробллемаларды ашып көрсету, сонымен қатар осы қоршаған ортаны қорғаудағы жасалып жатқан жағдайлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянды әсерлері қандай деңгейде тұрғанын ашып көрсету болып табылады. Осы курстық жұмыстың міндеті болып біріншіден, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерінің түсінігін, мазмұнын ашып көрсетіп, мемлекетіміздің қазіргі уақыттағы адам денсаулығына зиянды және пайдалы мәселелерімен танысу. Өйткені біз осы мәселелерді білмей тұрып қоршаған орта және адам денсаулығы мәселелерінің қалай жүзеге асып жатқанын біле алмаймыз. Екіншіден, мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жағдайларын қарастырамыз. Мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау,қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсері бұрыннан зерттеліп келе жатқан өзекті мәселе болып табылады....