Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жетілдіру (АҚ «Казкоммерцбанк» мәліметтері бойынша)

Кіріспе
Қазіргі Респбликасындағы қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде эконмикалық және қаржылық ортларының қалыптасу процесі жалғасу үстінде. Осы жағайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың көптеген аспектіллеріне көзқарастар өзгеріп, олар жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі қазақстанның экономикалық ғылымы негізінен өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелерін зерттеуге жұмылдырып отыр. Соның ішінде, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру – ең бір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлі жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар - болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 - не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молекулалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға - ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т. б бағытта жұмсалады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жұмбақтар жауабымен

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын - қарбыз)

Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)

От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.
(Мосы мен шәугім)

Торы тай,
Табанында төрт ай.
(Таға) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту

Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Топтық коррекция

І. КІРІСПЕ
Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық техналогияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді фрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысына ал 2009-2010 жылдары 69 мын оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Бірінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отыра тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірнеше кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегілер – қысқа фильмдерді көру (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т 3 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды
Оқушылардың көпшілігі:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды
Кейбір оқушылар:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды, өз сөзімен түсінік бере алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (4-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.3 мұғалімнің көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ажыратып, ауызша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде қарапайым түрде қолданады.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолданады.
Кейбір оқушылар: бұйрық райдың болымды, болымсыз формаларын ауызша сөйлеу тілінде өздігінен қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Физика | Кристалл және аморфты денелер

Ұқсастықтары және айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.
Кристалдар. Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра аламыз.
Кристалдардың ішкі құрылымсын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің (молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзейді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.
Кеңістіктік тор. Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады.
Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Күнделік жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0