Шығарма: Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 1-сабақ
Оқыту мақсаттары: 10.4.2.1 - Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау;
10.4.2.2 - Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетіндегі өзгерістерді анықтайды.
Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің Қазақстанға әсерін талдайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау
Сабақ мақсаттары: кеңістіктегі векторлардың координаталарын табады, координаталарымен берілген векторларға амалдар қолданады .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аксоплазма

Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Таңғы шық


Селолық дүкеннің сатушысы Тұраш қамаудан үш ай дегенде босады. Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз жайымен сырғи ашылды. Тұраш сыртқа шықты.

Осыдан үш ай бұрын қамауға айдап әкелгенде қыстың күні еді. Көше омбы қар болатын. Үскірік жел суыра соғып тұрған. Арықтағы су көкпеңбек боп безеріп қатып жатқан еді. Содан бері: шалқар аспан жүзіне сақинадай ғана тор көз терезеден қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бір ауық шығарғанда ғана сезетін. Сонан бері жабырқап, әбден титығып басылған көңіл дәл қазіргі сәтте мың сан құс боп сайрап қоя берді. Көкірегі қуанышқа толып, жарылардай боп кетті.

Буындары сәл діріл қаққан Тұраш көше бойлап келеді. Асықпай басып, жай серуендеген адамша жүруге тырысады. Есіл-дерті сырт көзге қамаудан шыққанын танытпау. Әлсіреген халін сездірмеу.

Автобус станциясына келді. Мұның аулына жүретін автобус жарты сағаттай бұрын соңғы рейспен кетіпті. Енді тек ертең таңертең жүреді екен. Не істерін білмей ойланып қалған Тұраш қалтасында көк тиыны жоқ екенін есіне алды. Қарыз сұрайтын таныс біреу кездеспес пе екен деп біраз қарайлады. Бірақ автостанцияға жан адам бас сұққан жоқ. Тек анадай шетте, көшенің бұрышына ине-жіптен жаңа шыққандай тап-таза киінген қара костюмді жас жігіт тұр. Тықыршып, сағатына қарай береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Сурет: Ким Евгений

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.

Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ана

Менің анам көрікті,

Менің анам аяулы.

Анамды мақтан етемін,

Қайтсем мақсатқа жетемін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық ғылымы

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтыц тарихы, оның даму келешегі мен тожірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық қүқық үғымының өзі қүкықтың саласы және заң ғылымыньщ жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде қүқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білшнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол қүқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер

Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжыддықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақғығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палерметалдардың ендірістік жолмен игерілуі болды.
Андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0