Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру. Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.
Қатысушы кейіпкерлер: Боталы түйе Мысық Ит Әтеш Бақа Лақ Қозы Ара .....
Кіріспе Салық құқын бұзу – салық құқы қатынсы субъектілерінің, осы қоғамдық қатынастардың құқық мен мүдделерін бұзатын, ол үшін заңмен белгіленген қаржы, әкімшілік немесе қылмыстық сипатынан жауапкершілік бекітілген қасақана немесе қасақана емес кінәлі әрекеті. Салық құқын бұзушылықтың құқықтық қарсылығы осы әрекеттің құқықтық нысанын сақтамауда, ал айыпкерлік осы бұзушылық қасақана немес айбайсыздықты жасалуынан тұрады. Салық құқын бұзудың мұндай анықтамасын осы тақырыпшаға көптеген жұмыстардан шығаруға болады, сонымен қатар көптеген жұмыстар салық құқна қатысушылардың жауапкершіліктерінің және құқықтарының түрлер сипатталған, бірақ қоғамдық қатынастың мәні толығымен ашпаған. Салық құқық қатынасының субъектісі дегеніміз не? Осы құқықтық институтты бірнеше негіз арқыл жіктелуі мүмкін: - келу орнын байланысты (кіріс қайнар көзі бойынша); - заңды статусы бойынша (заңды және физикалық тұлға); - міндеттері мен құқы бойынша оыс жұмыстың тақырыбын аша отырып жекелеген авторлар субъектінің ұғымын заңды және жай тұлғалардың резиденттер мен нерезиденттердің позициясында қарастырылады немесе барлық субъектіні емес белгілі топты ғана қамтиды. Осы жұмыстардың авторлары оны екі негіз бойынша жіктей отырып жазады, мен осы жұмысты соңғы негіз бойынша топтарға бөлдім: - салық төлеушілер; - салық органдары; - салық органдары. Менің зерттеуімнің негізгі объектісі салық қатынасының қайсібір субъектісі жасап салық құқын бұзушылық.....
Программаға енетiн нұсқауларды (командаларды) Паскаль тiлiнде оператор дейдi. Паскаль тiлiнiң операторларын қарапайым және күрделi (құрама) операторлар деп екi топқа бөледi. Қарапайым операторлардың құрамына басқа оператор енбейдi. Ал күрделi операторлардың iшiне бiрнеше қарапайым операторлар енуi мүмкiн. Паскаль тiлiнде қарапайым операторларға: меншiктеу, көшiру, бос, енгiзу және шығару операторлары жатады. Күрделi операторларға: шартты көшiру, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бұл оператоблар тұтас бiр оператор қызметiн атқарады. Программада операторлар орналасқан ретi бойынша (көшiру операторы болмаса) орындалады. ....
Тақырыбы: Жолақтағы ою - өрнек Кіріктірілген сабақтар: Тіл дамыту, Мүсіндеу. Сурет (бастырма, нүкте арқылы) Мақсаты: Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру. Әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.
Ою - өрнектер туралы тақпақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу. Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, шеберхана ұйымдастыру. Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдер үлгісі: Сәукеле, етік, бешпет. ермексазбен әшекейленген білезік, суреттер. Қажетті құралдар: Түрлі - түсті карандаштар, губка, гуащь, желім, ермексаз. Кейіпкерлер: Айсұлу, Желаяқ. .....
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауға болатыннемқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ор таның радиактивті нуклеудтермен ластануы өте аз мөлшерде боолады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болғанда жағадай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезеңде әскери өнеркәсіптің радиактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршағаш орта үшін аса қауіпті болып түсуде. Радиактивті ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциасы ашылғаннан бастап пайда болды. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсаттарда пайдалана бастады. Атом энергиясын сақтандыру кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті шлак түзіледі. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа тастауға рұқсат етілмейді. Әрине бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиактивті заттар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар болондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергиясының мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруда. Атом электростанциядағы апараттарға немқұрайлы қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшыратуы мүмкін. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясында еш уақытта болмаған апат. Чернобыль апты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған. Біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталып кетсем. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бір неше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмйды.....
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Сабақтың тақырыбы:Қар барысы – сұлу аң Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу. ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру. Сабақтың мақсаттары:Табиғатты сипаттап жазуда эссе құрылымын сақтайды және өз жазылымында сипаттау мәнді сөздермен қатар, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана алады. ...
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш. Сабақтың тақырыбы: Уақыт және мен Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2. Эссе жазу 7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Абзацтардың ішкі құрылымы дұрыс. (тұжырым, аргумент, қорытынды) Автор көзқарасын ашты. Қателер елеулі. Кей тұстарда мағынасы түсініксіз. Сөз қайталаулары жиі кездеседі. Оқушылардың көпшілігі Ойы абзацтарға бөлінген. Өз көзқарасын білдіре алды. Қателер мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді. Қарапайым лексиканы қолданған. Оқушылардың кейбірі Тұтас мәтін ретінде берілген. Өз көзқарасын автор ойымен байланыстырып білдіре алды. Қателер елеусіз. Сөздік қоры бай (тұрақты тіркестер, синонимдер, перифраз)......