Реферат: Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Әлеуметтік қатынастар субъекті өрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғары деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туыңдысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жеке тұлғалардың азаматттық құқықтық субъектілігі

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-

құықықтық қатнастар орнығады.Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер

жасасып, құқық субъектісінің тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде

ғана құқықтық қатнастарға қатыса алады.

Қ.Р заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті –азаматтық құқық

субъектілікті иеленетін,яғни азаматтық құүқықтар мен міндеттерді иеленуге

және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер)және олардың

кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары,мемлекет,әкімшілік- аумақтық

бөліністер)азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениет | Әлеуметтік таным белгісі

“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері (1918-1924 жж.)

Кіріспе
Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынай ы тарихты ашып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан бұрынғы бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмаулаушылыққа ұшыраған, зерттелуі мырдымсыз тақырыптардың бірі Түркістан АКСР тарихы.
Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге көмескі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
1917 жылдың 7 сәуірінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Ал 1918 жылы сәуір айында РК ФСР құрамындағы Түркістан автаномияны кеңестік республшикасы құрылды. Аласапыран мол аса у ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тілі мен діні бір буарылас түркі халықтарының ортақы мемлекеті Түркістан АКСР болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздаұтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын тулатуға жұмсалды. Олар Түркістан өлкесіде орын алған дүрбелең тұста, халыққа пана, елге ұйыиқы бола біледі. Өлкедегі әртүрлі экономикалық әлеуметтік, (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым қуат қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың төтен жолы оқу-білімде халықты жаппай сауаттандыруда екенін сезінді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жадырайық жайнайық жылы лебізімізді сыйлайық

Тақырыбы: «Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі
Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Қатысушылар: ата - аналар
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді құрметпен тренингке қатысуға шақырамын. Бүгінгі тренингімізді бастамас бұрын тренингіміздің ережесімен танысып алайық.
Тренингтің ережесі:
1. Белсенді қатысу
2. Тыныштық сақтау
3. Бірін - бірі тыңдау
4. Ойын ашық айту
5. Бірін - бірі сынамау
1 - жаттығу «Танысу» тренингі
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзіңнің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады.
2 - жаттығу «Сиқырлы қобдиша»
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым - қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл - күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді.
3 - жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз де, оң бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз де оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Беташар)

Айт - айт, келін, айт, келін,
Аттың басын тарт, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала - құла демеңіз,
Атын айтып беріңіз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.
Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Дулатов Міржақып

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

2. Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.
Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....
Рефераттар
Толық
0 0