Курстық жұмыс: Экономика | ЖШС «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау

КІРІСПЕ
Кәсіпорының қаржылық жағыдайын талдау оның қаржылық –шаруашылық қызыметін өзара қарым-қатынасы мен тәуелсіздіктің арасындағы көрсеткішті білдіреді.
Негізгі бөлімнің жалпы бизнес бағалаудың негізгі ұзымдары анықталады. Қаржылық құжаттаманы дайындау туралы талдаулар жүргізіледі.
Кәсіпорының айналымдағы активтердің құнын бағалау туралы анықтамалар беріледі.
Мүлік жағдайын талдау барысында көлденең және тік талдау жүргізіледі, жалпы ағымның активтердің ұзақ мерізімді активтер, ақша құралдарын, тауар-материалды қаржылардың баланстық құн өзгеруін көрсетеді.
Тік талдау барысында баланс-нетто төмен актив және пассивтің үлестері анықталады.
Кәсіпорынның серіктік жағдайын талдау кезінде активтердің икемді коэффициенті, тозу коэффициенті, икемді және шашырату коэффициенті, иелігі құрайтын коэффициенттерінің өзгеруін есептеулер жүргізуді қаржылық жағдайды талдау барысында төмен қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық жұмыстық белсенділік серіктестіктің жалпы жобасы көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріп дегеніміз не?
Әріптерді қайталау (АТПНҒРЛУШО) әріптерінен басталатын сөз ойлау, буынға бөлу, магнит тақтамен жұмыс

II. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына жұмбақты шешу керек.
Жұмбақ: Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есіктен,
Ешкім үйге кірмейді.
Ол не балалар? (Құлып) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Туфли тар болса

Туфли тар болса.... Күзде жаңадан алған туфли көбіне аяғымызды қажайды. Көшеде келе жатып жүру қиынға соға бастағанда «аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?» деп іштей еріксіз күбірлейміз. Ал туфлиді кеңейтуге, аяқты қыспайтындай етуге болатынын білеміз бе?

Аяқты қысатын туфлиді қандай жағадайда кеңейтіп әуре болмау керек, алдымен соған тоқталайық: - ұзындығы кішкене; - 2 не одан да көп өлшемге кішкентай; - жиек тігісі тар; - жасанды материалдан тігілген болса.

Туфлиді жаңадан сатып алған кезде аяқты қысып тұрса, сатушы сізге уақыт өте келе кеңейетінін айтады. Бірақ алғашқы күндері тар аяқ киімді қалай киеміз? Ол үшін сатып алған күні үй ішінде қалың шұлықпен киіп жүріңіз. Әрі сәл кеңейеді, әрі аяғыңыз үйренеді. Алдымен ішін медициналық спиртпен сүртіп алуға да болады.

Ішіне су құйып, мұздатқышта су мұз болғанша қатырып қоятын әдіс бұрыннан таныс болар.

Туфлидің өкше тұсы қатты болса, қолмен уқалап жұмсартуға не балғамен ақырын ұруға болады.

Не аяқ киімнің ішкі жағына кір сабын жағыңыз.

Газет те туфлиді кеңейтуге көмектеседі. Бірнеше бөлікке бөліп, сумен жібітеміз. Туфлидің ішіне салып қоямыз. Фенмен кептіреміз. Аяқ киім кеңіп шыға келеді.

Арнайы себу құралдарын пайдалануға не кәсіби шеберлер қызметіне жүгінуге де болады. Аяқ киім шеберханалары үшін бұл – бірер минуттық і ......
Кеңестер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жапалақтап қар жауып тұр

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жапалақтап қар жауып тұр.
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуге ықпал ету. Қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түспен ақ түстің бір - бірімен үйллесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет дәптер, төмпешіктерге салынған тіс пастасы, мақта таяқшалар. в
Сөздік жұмыс: алғашқы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық қатынастары

Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | XXI ғасыр мұғалімі

Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» дегені мәлім.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындаунда. Жастарды оқытуға, оларға кәсиби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан.
Кәзіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды мәселе айтылып жүр. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл мәселенің шешімін табу үшін біздер, болашақ мұғалімдер атсалысуымыз керек.Яғни, әрбір студент үшін білікті маман және менеджер болуы басты мақсатына айналуы тиіс.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз біріншіден олардың дайындаған білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты ол бар ынтамен беріліп атқара ма? Оның сапасыз маман болып шығуына кімдер жауапты болмақ?
Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әрбір оқушыға мамандықтық таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіру керек. Оны әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің міндетіміз. Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы кәзіргі экономикалық даму кезінде өте қажет.
Кәзіргі кезең-ғылыми-техникалық прогрестің өте қарқынды дамыған кезі. Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды. Ал кәзіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының құндылығының артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы болуы шарт. Сонымен қатар қажет болған жағдайда сұраныспен бірге ондағы талаптарға толыққанды сай болуы керек.
Жоғарыда айтылғандай, кадрлардың кәсіптік дайындығына қойылатын талаптардың артуымен қатар оқушылардың кәсіптік бағдар алуы көкейкесті мәселеге айналды. Өйткені, оқушылардың басым көпшілігінің кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде: әлеуметтік, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-физиологиялық, т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №1-сабақ Хат жазамыз Сөз таптарын қайталау (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті анықтайды;
- үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті ажыратады;
- үлгі негізінде ашықхат мәтінін құрап жазады
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті жасай алады;
- ашықхат мәтінін өз бетінше құрай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
А/И4. Шығармашылық жұмыс
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Сабақ мақсаты: Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану
8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Пифагор теоремасын меңгереді, тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін есептер шешуде қолданады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0