Әңгіме: Антон Чехов | Каштанка

I

Әумесерліктің әлегі

Қанден мен көпек төбеттен шыққан түлкі тұмсық, тексіз сары дүрегей тротуар бойымен әрі-бері бүлкектеп, жан - жағына жалтақ-жалтақ қарай берді. Анда-санда бір тоқтап, табанынан ызғар өткен соң аяғын алма-кезек көтереді де: япыр-ау, осы мен қалайша адасып кеттім дегендей қыңсылап қояды.

Таңның атқанын, күннің батқанын, тіпті мынау бұрын аяқ басып көрмеген бейтаныс көшеге қалай тап болғанын да жақсы біледі.

Балташы Лука Александрин ертеңгісін құлақшынын милықтата киіп, қызыл шүберекке ораған әлдебір затты қолтығына қысты. Дүрегей тақтай сүргілейтін жаңғырық астындағы ағаш үгіндісінде жатыр еді:

— Каштанка, кеттік! - деген таныс дауысты естіп жылы орнынан атып шықты да, рақаттана бір керіліп алып, иесінің соңынан салпақтап ере жөнелген. Лука Александрычқа жалға жұмыс тапсыратын адамдар тым қашықта тұратын, солардың әрқайсысын бір сүзіп шыққанша балташы талай трактирге кіріп, сусын қандырып алушы еді. Жол бойы өзін шектен тыс дарақы ұстағанына да Каштанка енді өкінгендей. Көшеге еріп шыққанына қатты қуанған дүрегей біресе далақтап көрінген конканы1 қуалап кетті де, енді бірде қайдағы жоқ ауланы тіміскілеп, абалап бейтаныс иттерге жармасты. Жиі-жиі көз жазып қалған балташының қайта-қайта тоқтап оған зекіп ұрысқаны да есінде. Қызара бөртіп Лука Александрычтың сызданып:

— Сеспей қат!.. Сеспей қатқыр албасты, - деп құлағынан тартқанын да ұмытқан жоқ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Оқытушы мен студенттер

- Мені жұрт қатал оқытушы деп айтады, - дейді оқытушы. - Студенттерін қинайды дейді, оларға қоймайды дейді. Мұндай әңгімелер өзімнің де құлағыма жетіп жатады. Тіпті бірде ректорға дейін жетіпті. "Өркен, сені жұрт солай деп айтып жүр ғой, неге студенттеріңді қинайсың?" - деді ректор. "Онда сабақ сұрамастан қойып бере берейін", - дедім. "Мен олай деп тұрған жоқпын, - деді ректор. - Бірақ студенттер де адам баласы ғой. Кішкене түсіністікпен қарасаңдар болмай ма?"

Бірде бір қызық оқиға болды. Жазғы уақыт еді. Жазғы сессияның басталған кезі. Оқу орнынан шығып, жаяу жүргіншілер жүретін соқпаққа түсіп алып келе жатқанмын. Бір кезде жолдың жиегінде отырған бір келіншекке көзім түсіп кетті. Әлгі келіншектің түрі деген әбден әбіржіп кеткен. Өзі жерге төселіп, жайғасып отырып алыпты. Жанына еріксіз аялдадым. Түріне қарап аяп кеттім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беру

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық есеп беру». Соған сәйкес Қаржылық есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Күміс алу

«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі

Бөлімі: Театрландыру
Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау.
Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк.
Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз».
Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | ҚЫРЫМ СОҒЫСЫ

Кіріспе
1853-1856 жж. Қырым согысыныц халыкаралык қатынастар тарихыида алатын орыны ерекше. Қырым согысы Осмаи нмпермясы меп Реесмдһі дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX гаеырдьщ маңызды халыкаралык оқигалардың бірі.
Тақырыптыц өзектілігі. Біріншіден. Негізінен Қырым соғысының басталуына себепші болган орыс патшасы - Николай I екені сөзсіз. Патша соғысты өзі бастап. өз елімің даму жағынан артта калгандықтан, дипломатимда, мемдекеттік баскаруда жәнс әскери ұйымдастырудагы элсіздігіне байланысты озі-ақ согыста женілген еді. Алайда соғыс тек патшалык Ресей жагьзнан агресснвті болған жок.
Екіншіден. Қырым соғысы Англия мен Францияныи жаулап алушылық жоспарларыньщ, державалардың нағыз саяси келбеттерінін ашылғаи кезІ еді. Дегенмен, бүл елдердің агылшындык А. Кинглек жэне француз К. Базанкур спяічгы тарихшылары Анғлия мен Франция Қырым согысына Түркияны Ресейдің шабуылдарынан қорғау мақсатымен енгеиі жаилы жазуда. Ал орыс зерттеушілердің айтуынша екі держава да
Үшіншіден. Жетекші держава бір жағынан Түркияга көмектескенде кейІн бүл елдің есебінен өзін марапаттау үшін, РесеГіді Жерорта теңізінен ыгыстыру арқылы бұл аймақта ықпалдарын кеңсйтуге тырысып, оз қолдарьша Түркияның экоиомикасын, мемлекеттік қа]эжысын алғысы келген.деп жазудп. Бірақ екінші жагынан мүмкін державалар шынымен әлемде тепе-тецдік сақтау мақсатымен Түркияны қорғагысы келгеи шыгар. Төртіншіден. яғни Қырым соғысы жайлы екі жакты көзқарастардын бар болуы. басқаша айтқанда шетел тарихшылары Қырым согысын бір жолмен баяндаса, орыс ғалымдары алғашқылардың тарихыи жоқка шығарып, согысты өзғс жолмен баяндап, Қырым согысының тарихы жайлы сәйкессіздік туган еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетім- сіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызғажарып, асыл байлықты ьойына сіңіре білген.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп, шаруа күйттеп, тіршілік қарба- ласына араласып кетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0