Реферат: Қазақ тілі | Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі

1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
2. Дауысты дыбыс буын жасауға қағысады.
3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.
4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, н, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
5. Дауысты дыбыс тіл, жак және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі.
Тілдің
қатысына қарай Жуан тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады а, о, ұ, ы, у
Жіңішке тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтың
қатысына қарай Ашық жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а, ә, о, ө, е, э
Қысаң жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің
қатысына қарай Еріндік еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады о, ө, ұ, ү, у
Езулік езудің кейін тартылуы арқылы жасалады а, ә, е, ы, і, и, э
6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, па, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.
1. Л әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, э болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.
2. Л әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат т.б.
3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: әр, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б. Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ұлттық ойындар туралы түсінік Ойын ережесі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Сабақ мақсаттары: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдістеме | Тілді үйрету әдісінің түсінігі

Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың скаляр көбейтіндісі 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.17 кеңістікте екі вектордың арасындағы бұрышты анықтай алады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
– векторларға амалдар қолдана біледі;
– векторлардың скаляр көбейтіндісінің формуласын біледі;
– векторлардың скаляр көбейтіндісінің формуласын қолданады;
– векторлардың скаляр көбейтіндісінің формуласын векторлардың арасындағы бұрышты табу үшін қолданады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.1.1 Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Сабақтың мақсаты: - Барлық оқушылар: әр түрлі ағзаларды анықтағанда бинарлы номенклатура қолдана алады;
- Оқушылардың көпшілігі: жануар мен өсімдік түрлерді анықтауда ерекшеліктері ескереді түрлерді анықтай алады;
- Кейбір оқушылар: анықтағыш арқылы өсімдік түрлерін ажыратады, туыс пен түр атауынан тұратын атаудың бинарлық жүйесін көрсетеді;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді түсіндіре білу, басқада топ мүшелерімен зерттеуді талқылау, салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру, топпен жұмыс істей білу, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірін тыңдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі

Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АҚШ өнеркәсібі

Америка Құрама Штаты – федерациялы республика. Мемлекет басшысы – президент. Сонымен бірге ол – үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы
(жанама) сайлауда төрт жылға сайланады. Президенттің конгресс қабылдаған заң жобаларын өткізбей тастауға, міндетті түрде орындалуға тиісті бұйрықтар шығаруға құқұғы бар. Бұл Америка Құрама Штатының ең үлкен сот – олбасшысы. Президент пен вицепрезидент екі сатылы Жоғарғы сот федерациясымен штаттардың қай заңы болса да конституцияға сай оның заң шығарушы органдарды қызметіне мықтап ықпал жасауына мүмкіндік береді. Президенттің сыртқы саясаты жөніндегі өкілдіктері бұдан да күшті. Үкіметтің құрамына он екі министер енеді. Оларды сенаттың келісуімен президент тағайындайды. Заң шығаратын үкімет билігінің жоғарғы органы – парламент, оның екі палатасы бар. емес деп танып бұза алады. Әр штаттың өз конституциясы бар. Штаттың ең үлкен әкімі губернатор, ол төте сайлау жолымен екі жылдан төрт жылға дейін сайланады. Әкімшілік жағынан Америка Құрама Штаты елу штаттан және Колумбия федерациялық окпугінен тұрады. Штаттар 3133 округқа бөлінеді. Жер көлемі 9 364 мың шаршы шақырым, халқы 281 млн адам. Астанасы Вашингтон қаласы. Аса ірі қалалары Нью – Иорк, Лос – Анжелос, Чикаго. Америка Құрама Штатының жер қойнауы әртүлі пайдалы қазбаларға бай. Ұзақ уақыт ұтымсыз өңдеу жақсы кен орындарының бір қатарын құртты, сапасы кемірек кен орындары пайдалануда мүмкіндік туғызды, бұл Америка Құрама Штатының шикі зат базасын едәуір толықтырды. Көмір, молиптен, күкірт, фосфорит және ас тұздарының қоры ерекше мол. Ұлттық өндірістің қажетін темір және мыс рудаларының кен орындары, қорғасын –мырыш және уран рудалары бұдан гөрі азырақ қамтамасыз ете алады. Марганец рудасы, қалайы, никель, графит, хромит, боксит, сирек кездесетін металдар аз немесе тіпті жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы және валюталық биржалар

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0